https://sputnik.kz/20220128/Nazarbaev-dauiri-ayaqtaldy-ma-video-19231968.html
Назарбаев дәуірі аяқталды ма? Елбасы саясаттан шеттетіліп жатыр – видео
Назарбаев дәуірі аяқталды ма? Елбасы саясаттан шеттетіліп жатыр – видео
Sputnik Қазақстан
Парламент Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты саяси биліктен заңды түрде толығымен шеттетті. Депутаттар Елбасының Қазақстан халқы ассамблеясы... 28.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-28T09:37+0500
2022-01-28T09:37+0500
2022-02-01T13:05+0500
мультимедиа
видео
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1c/19231885_0:35:3073:1763_1920x0_80_0_0_4cf23b1922190e1a9144de8b6d1cbacc.jpg
Бұл құзірет толығымен мемлекет басшысына беріледі. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік маңызы бар бастамаларға да араласа алмайды.Бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Nur Otan-ның төрағалығын Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеген. 28 қаңтарда билік партиясының кезектен тыс съезі өтеді. Сол жерде президент партия төрағалығына сайланады деген жоспар бар. Қазақстандағы президенттік билік транзиті қалай іске асқанын Sputnik Қазақстанның видеосынан көріңіз.Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев посткеңестік елдердің ішінде мемлекетті басқару жағынан рекорд жасаған. 1989 жылдың 22 маусымынан бастап (1990 жылдың 24 сәуіріне дейін Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы) 2019 жылдың 19 наурызына дейін президент болды. Сонда 30 жылға жуық (29 жыл 8 ай 26 күн) ел басқарды. Осы уақыттың ішінде билікті толығымен өз қолына алды. Мемлекеттің негізгі институттарына жетекшілік етті.2000 жылы қабылданған "ҚР Тұңғыш президенті туралы" заңда Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясын және Қауіпсіздік кеңесін өмір бойына басқару өкілеттігі бекітілді. Сондай-ақ Елбасы Nur Otan партиясына жетекшілік етіп, Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатына да араласуға құқылы болды. Биыл қаңтардың басындағы оқиғалар кезінде президент Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін басқаруға кірісті. Парламенттің екі палатасы да Елбасының Қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ны өмір бойына басқару құқығын тоқтатуды мақұлдады. Сенат онымен шектелмей, тағы бір ұсыныс енгізді. Оған сәйкес, ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларды Елбасымен келісудің қажеттілігі болмайды.Сенатор Ләззат Сүлейменнің айтуынша, мәжіліс сенат енгізген ұсынысты қолдаса, заң бірден президенттің қол қоюына жіберіледі.Назарбаевтың өзі барлық өкілеттігін 2019 жылы тапсырғанын және зейнеткерлік демалысқа шыққанын мәлімдеді. Жақында Nur Otan партиясындағы төрағалығынан да бас тартты.Осылайша Назарбаевтың бірнеше заңды мәртебесі қалды. Олар: Елбасы, Халық Қаһарманы, құрметті сенатор және ҚХА құрметті төрағасы."ҚР Тұңғыш президенті туралы" заң бойынша Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерін ұстауға болмайды. Банк есепшоттары да қорғалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1c/19231885_148:0:2879:2048_1920x0_80_0_0_72acbf19f8dd54b0095f0e556ab3d977.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа
Назарбаев дәуірі аяқталды ма? Елбасы саясаттан шеттетіліп жатыр – видео
09:37 28.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Парламент Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты саяси биліктен заңды түрде толығымен шеттетті. Депутаттар Елбасының Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесін өмір бойына басқару өкілеттігін тоқтатуды қолдады
Бұл құзірет толығымен мемлекет басшысына беріледі. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік маңызы бар бастамаларға да араласа алмайды.
Бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Nur Otan-ның төрағалығын Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеген. 28 қаңтарда билік партиясының кезектен тыс съезі өтеді. Сол жерде президент партия төрағалығына сайланады деген жоспар бар. Қазақстандағы президенттік билік транзиті қалай іске асқанын Sputnik Қазақстанның видеосынан көріңіз.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев посткеңестік елдердің ішінде мемлекетті басқару жағынан рекорд жасаған. 1989 жылдың 22 маусымынан бастап (1990 жылдың 24 сәуіріне дейін Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы) 2019 жылдың 19 наурызына дейін президент болды. Сонда 30 жылға жуық (29 жыл 8 ай 26 күн) ел басқарды. Осы уақыттың ішінде билікті толығымен өз қолына алды. Мемлекеттің негізгі институттарына жетекшілік етті.
2000 жылы қабылданған "ҚР Тұңғыш президенті туралы" заңда Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясын және Қауіпсіздік кеңесін өмір бойына басқару өкілеттігі бекітілді. Сондай-ақ Елбасы Nur Otan партиясына жетекшілік етіп, Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатына да араласуға құқылы болды.
Биыл қаңтардың басындағы оқиғалар кезінде президент Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін басқаруға кірісті. Парламенттің екі палатасы да Елбасының Қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ны өмір бойына басқару құқығын тоқтатуды мақұлдады. Сенат онымен шектелмей, тағы бір ұсыныс енгізді. Оған сәйкес, ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларды Елбасымен келісудің қажеттілігі болмайды.
Сенатор Ләззат Сүлейменнің айтуынша, мәжіліс сенат енгізген ұсынысты қолдаса, заң бірден президенттің қол қоюына жіберіледі.
"Сенаторлар заңнамаға енгізіліп отырған мемлекетіміздің Қауіпсіздік кеңесін, Қазақстан Халқы Ассамблеясын мемлекет басшысы өзінің қызметіне сәйкес басқаруға тиіс деген өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар"Тұңғыш президент туралы" заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамалар Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алынып тасталып отыр", - дейді Сүлеймен.
Назарбаевтың өзі барлық өкілеттігін 2019 жылы тапсырғанын және зейнеткерлік демалысқа шыққанын мәлімдеді. Жақында Nur Otan партиясындағы төрағалығынан да бас тартты.
Осылайша Назарбаевтың бірнеше заңды мәртебесі қалды. Олар: Елбасы, Халық Қаһарманы, құрметті сенатор және ҚХА құрметті төрағасы.
"ҚР Тұңғыш президенті туралы" заң бойынша Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерін ұстауға болмайды. Банк есепшоттары да қорғалады.