https://sputnik.kz/20220128/MAMS-basshysy-kyzmet-19236204.html
МӘМС қорының басшысы қызметінен кеткенін хабарлады
МӘМС қорының басшысы қызметінен кеткенін хабарлады
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, бір жарым жылдың ішінде қор тиімді жұмыс жасады 28.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-28T14:36+0500
2022-01-28T14:36+0500
2023-08-09T10:10+0500
қоғам
басшы
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
https://sputnik.kz/img/07e4/07/1b/14577319_14:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_6b74f881b981923c7d933abd8028125f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов қызметінен кеткенін хабарлап, әлеуметтік желіде пост жазды. Оның айтуынша, бір жарым жылдың ішінде қор тиімді жұмыс жасады.Осы орайда қордың экс-басшысы статистиканы да келтірді. Оған сәйкес, 2021 жылы диагностикалық зерттеулердің саны 15 миллионға дейін өсті. 2020 жылы 9,9 миллион болған. "Компьютерлік томография үш есеге өсті. Ол бойынша 2021 жылы 747 мың қызмет көрсетілді. Магнитті-резонансты томография зерттеулері 218 мыңнан 554 мыңға дейін артты. Салалық дәрігерлерден кеңес алған адамдардың саны 35 миллионға жетті. Жоспарлы операциялар 12 процентке көбейді", - деп атап көрсетті Төкежанов.Былтыр ауылды жерде күндізгі және тәуліктік стационарларда, шамамен, 1 миллион адам емделді. Қордың экс-басшысы МӘМС жүйесінің негізі қаланды деп санайды. Енді, оны ары қарай салып, дамыта беру керек. Айта кетері, бұған дейін қорды Айбатыр Жұмағұлов басқарған. 2020 жылы шілде айында оның жұбайы, тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова жариялаған жазбаның скриншоты елдің ашуын туғызды. Әйел күйеуінің өзіне "он екінші көлік сыйлағанын" жазған.Жұмағұловтың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Соған қарамастан, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында медициналық сақтандыру қорының басшысын жұмыстан босатуды тапсырды. Оның орнына Болат Төкежанов тағайындалған болатын. МӘМС жүйесі Қазақстанда 2020 жылы 1 қаңтардан бастап іске қосылды.Оқи отырыңыз: "СК-Фармацияның" экс-басшысы денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына нұқсан келтірген
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/1b/14577319_305:0:2991:1688_1920x0_80_0_0_9b6c844cc2abbac8911362fbd89bb6ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
басшы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
басшы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
МӘМС қорының басшысы қызметінен кеткенін хабарлады
14:36 28.01.2022 (жаңартылды: 10:10 09.08.2023) Оның айтуынша, бір жарым жылдың ішінде қор тиімді жұмыс жасады
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов қызметінен кеткенін хабарлап, әлеуметтік желіде пост жазды.
Оның айтуынша, бір жарым жылдың ішінде қор тиімді жұмыс жасады.
"Республика бойынша медициналық көмекті қаржыландыру көлемі екі есеге өсіп, 2 трлн теңгеге жетті. Соның ішінде 800 млрд МӘМС-тың есебінен келді. Осы қаржыға алдымен қымбат медициналық қызметтерді және консультативтік-диагностикалық көмекті төлеуге мүмкіндік бар. Ал ондай қызметтерге ақша табу қиын екенін бәріміз білеміз", - деп жазды Төкежанов.
Осы орайда қордың экс-басшысы статистиканы да келтірді. Оған сәйкес, 2021 жылы диагностикалық зерттеулердің саны 15 миллионға дейін өсті. 2020 жылы 9,9 миллион болған.
"Компьютерлік томография үш есеге өсті. Ол бойынша 2021 жылы 747 мың қызмет көрсетілді. Магнитті-резонансты томография зерттеулері 218 мыңнан 554 мыңға дейін артты. Салалық дәрігерлерден кеңес алған адамдардың саны 35 миллионға жетті. Жоспарлы операциялар 12 процентке көбейді", - деп атап көрсетті Төкежанов.
Былтыр ауылды жерде күндізгі және тәуліктік стационарларда, шамамен, 1 миллион адам емделді.
Қордың экс-басшысы МӘМС жүйесінің негізі қаланды деп санайды. Енді, оны ары қарай салып, дамыта беру керек.
Айта кетері, бұған дейін қорды Айбатыр Жұмағұлов басқарған. 2020 жылы шілде айында оның жұбайы, тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова жариялаған жазбаның скриншоты елдің ашуын туғызды. Әйел күйеуінің өзіне "он екінші көлік сыйлағанын" жазған.
Жұмағұловтың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Соған қарамастан, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында медициналық сақтандыру қорының басшысын жұмыстан босатуды тапсырды. Оның орнына Болат Төкежанов тағайындалған болатын.
МӘМС жүйесі Қазақстанда 2020 жылы 1 қаңтардан бастап іске қосылды.