Өңірлер

Алматыдағы тәртіпсіздік: тергеуге қатысатын сот сарапшыларының саны артты

© Sputnik / Александр МирогловЗдание в Алматы, пострадавшее во время беспорядков
Здание в Алматы, пострадавшее во время беспорядков - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2022
Жазылу
Үкімет сот сарапшыларының қалай жұмыс істеп жатқанын хабарлады
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Алматыда 33 сот сарапшысы қаңтардағы тәртіпсіздіктер мен тонау жағдайларын тергеу бойынша жұмыс істеп жатыр.
Сараптаманы 19 жергілікті және басқа өңірлерден іссапарға жіберілген 14 маман жүргізуде. Сот сарапшыларының жүктемесі қалыпты деңгейде, қағазбастылыққа салыну жоқ,  деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Алматы қаласында 5 бағыт бойынша, атап айтсақ құрылыс, тауартану, өрт техникалық, баллистикалық және экономикалық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша жедел тергеу мақсатында әділет министрлігі 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрды, олардың көпшілігі экономикалық сараптамаға маманданған", - делінген ақпаратта.
2022 жылдың 31 қаңтарынан бастап резервтегі мамандардың бір бөлігі өңірге жіберіледі. Қалғаны тиісті органдардың сот сараптамасын тағайындауына қарай жұмысқа тартылады.
Осындай сараптамалық жұмыстар Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында да жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0