Алматыда бүлінген ғимараттарды жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр – фото
Алматыда бүлінген ғимараттарды жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр – фото
Sputnik Қазақстан
Алматыда тәртіпсіздік салдарынан бүлінген ғимараттар мен нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын Sputnik Қазақстан тілшілері көріп қайтты 28.01.2022, Sputnik Қазақстан
Алматыда тәртіпсіздік салдарынан бүлінген ғимараттар мен нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өртенген жерлерде құрылысшылар алдымен артық қоқыстың бәрін шығарып, ішкі жұмыстарға кіріскен.Тәртіпсіздіктер кезінде орасан залал келген Республика алаңы аумағында құрылыс қайнап жатыр. Есік-терезесі бүлінген мейрамхана мен дүкендер, Алматы қаласы әкімдігі мен телеарналар орналасқан ғимараттарда жұмыс істеп жатқан адам көп.Алайда қала әкімдігінде құрылыс қалай жүріп жатқанын тек алыстан көруге болады. Себебі құрылыс алаңы қоршалып, сыртқы жабылған.Ал Qazaqstan ұлттық арнасының Алматы филиалында ғимаратты қоқыстан тазарту және қалпына келтіру жұмыстары қатар жүріп жатыр. Бұл жерде тек құрылысшылар ғана емес, телеарна қызметкерлері де жұмыла кіріскен.Арбат жақта тұрғындар қалыпты тіршілігіне оралған, далада серуендеп жүрген адам көп.Қаладағы құрылыс пен тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.
Алматыда тәртіпсіздік салдарынан бүлінген ғимараттар мен нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын Sputnik Қазақстан тілшілері көріп қайтты
Алматыда тәртіпсіздік салдарынан бүлінген ғимараттар мен нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өртенген жерлерде құрылысшылар алдымен артық қоқыстың бәрін шығарып, ішкі жұмыстарға кіріскен.
Тәртіпсіздіктер кезінде орасан залал келген Республика алаңы аумағында құрылыс қайнап жатыр. Есік-терезесі бүлінген мейрамхана мен дүкендер, Алматы қаласы әкімдігі мен телеарналар орналасқан ғимараттарда жұмыс істеп жатқан адам көп.
Алайда қала әкімдігінде құрылыс қалай жүріп жатқанын тек алыстан көруге болады. Себебі құрылыс алаңы қоршалып, сыртқы жабылған.
Ал Qazaqstan ұлттық арнасының Алматы филиалында ғимаратты қоқыстан тазарту және қалпына келтіру жұмыстары қатар жүріп жатыр. Бұл жерде тек құрылысшылар ғана емес, телеарна қызметкерлері де жұмыла кіріскен.
Арбат жақта тұрғындар қалыпты тіршілігіне оралған, далада серуендеп жүрген адам көп.
Қаладағы құрылыс пен тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.
Республика алаңына жақын маңда орналасқан ғимараттың бірі – "Республика" бизнес орталығы. Бұл жерде бірнеше телеарна кеңсесі жұмыс істеді. Ғимарат сыртында құрылыс жұмыстары байқалмайды. Кей жерде сынған терезелер әлі ауыстырылмаған.
Бұған дейін қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қалада қалпына келтіруді қажет ететін 243 нысан анықталғанын мәлімдеді. Оның ішінде 27 мемлекеттік нысан мен 216 шағын және орта бизнес нысаны бар. Фотода: дүкенде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары.
Тәртіпсіздіктер кезінде ғимаратқа үлкен залал келіп, 16 мыңға жуық бейнетаспа жинақталған "Алтын қордың" жерасты қоймалары мен цифрланған видеоматериалдар сақталған серверлер бөлмесі өртенді. Ол жерде қазірге дейін цифрланған бейнематериалдардың бір бөлігі сақталған.
Алматыда тәртіпсіздік кезінде 250-ге жуық нысан бүлінген. Сондай-ақ 37 пәтерге залал келген. Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейінгі шығын 112 миллиард теңгеден асады деп есептеліп отыр.
Жұмысшылардың бір бөлігі қабырғаны қырып жатыр, енді бірі қоқысты сол сәтте шығарумен айналысады. Қалпына келтіру жұмыстары ғимараттың барлық қабатында жүріп жатыр. Ал телеарна қызметкерлері ойрандау кезінде бүлінбеген заттарды басқа ғимаратқа көшіреді.
14 қаңтарда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бандалық топтардың қолынан зардап шеккен "Қазақстан", "Хабар", "Мир", "Первый канал Евразия" телеарналары орналасқан ғимараттарды аралап көрді. "Алматы" телеарнасы ұжымымен кездесуде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жүргізуші Мұратхан Базарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, оның отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетінін мәлімдеді. Фотода: Ұлттық арна ғимаратында жұріп жатқан жөндеу жұмыстары.