Оқиға

Алматыда көлік жолдан ұшып кетіп, жер үйдің қоршауына соғылды: жүргізуші көз жұмды

© Sputnik / СтрингерЖол апатына түскен автокөлік
Жол апатына түскен автокөлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2022
Жазылу
Жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды, жолаушы ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Алматыда Сайын даңғылы мен Өтеген батыр көшесі арасындағы Райымбек даңғылында адам өліміне әкеп соққан жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© PhotoЖол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты
Автомобиль на месте ДТП - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты
Куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi Galant автокөлігі Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Белгісіз себептерге байланысты жүргізуші рөлге ие бола алмады. Көлік кенеттен жолдан шығып, шам бағанасын құлатты, артынша тротуарға өтіп, бетон бағанасы мен жер үйдің металл қоршауына соғылған. Қатты соққыдан көліктің быт-шыты шықты.
Оқиға орнына жеткен куәгерлер зардап шеккендерді шығаруға көмектесті.
© Sputnik / СтрингерАвтокөлік бетон бағанасы мен қоршауға соғылды
Автомобиль врезался в бетонный столб и забор - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Автокөлік бетон бағанасы мен қоршауға соғылды
Апат салдарынан 1996 жылғы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Жолаушы ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды.
Жол полициясының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Жаңалықтар
0