Саясат

Бұдан былай қылмыстық топтар мен террористер қалаларымызды басып алмауы керек – Тоқаев

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда зимой
Акорда зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Президент ұлттық қауіпсіздік жүйесі сын-қатердің кез келген қиындығына төтеп беруге дайын болуы қажет екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және нығайту шаралары талқыланды, деп хабарлады Ақорда.
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы уақытта елдегі ахуал толығымен тұрақталғанын және құқықтық тәртіп қайта қалпына келгенін атап өтті. Осы орайда Тоқаев барлық мемлекеттік орган қаңтардың басындағы оқиғалардан сабақ алуға тиіс екенін айтты. Ал ұлттық қауіпсіздік жүйесі сын-қатердің кез келген қиындығына төтеп беруге дайын болуы қажет. 
"Бұдан былай қылмыстық топтар мен террористер қалаларымызды басып алып, азаматтар мен олардың отбасыларының бейбіт өміріне қол сұғып, мемлекеттілігімізге қауіп төндірмеуі үшін тиісті шаралар қабылдауға міндеттіміз. Ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру ісінің мақсаты да осы", – деді кеңес басшысы.
Президенттің айтуынша, қауіпсіздікке жауапты барлық құрылым өз жұмысын өзгертуі керек. Ал олардың өзара іс-қимылы барынша теңгерімді болуға тиіс.
Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздіктің барлық бағытын нығайту жөніндегі нақты шараларды кешіктірмей жүзеге асыруға кірісуді тапсырды. Отырыста ұлттық қауіпсіздік жүйесін реформалауға бағытталған нақты шешімдер қабылданды.
Жаңалықтар
0