https://sputnik.kz/20220127/Toqaev-IT-mektep-19230200.html
Тоқаев Орталық Азияға арналған IT-мектеп ашу туралы ұсыныс білдірді
Тоқаев Орталық Азияға арналған IT-мектеп ашу туралы ұсыныс білдірді
Мемлекет басшысы Үндістанның IT саласындағы алпауыттарымен бірлесе отырып, Орталық Азияға арналған инженерлік кеңсе мен ақпараттық технологиялар мектебін ашуды... 27.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-27T21:28+0600
2022-01-27T21:28+0600
2022-02-01T14:05+0600
экономика
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/450/81/4508179_0:423:4288:2848_1920x0_80_0_0_1fc3c08785cbad96ce8720d6683af8b8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер басшыларының "Орталық Азия – Үндістан" атты алғашқы саммитінде экономиканы цифрландыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлады Ақорданың сайты.Мемлекет басшысы еліміздің осы саладағы әлеуеті туралы айта келе, жасанды интеллектіні енгізу, Big Data, интернет заттар, онлайн-коммерция және кибер қауіпсіздік, сондай-ақ елімізде телекоммуникациялар және электронды өнеркәсіп, электронды техникалардың жиынтық бөлшектерін шығару саласындағы зертханаларды ашу сияқты бірқатар маңызды бағытты атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев аталған бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға әзір екенін растап, үндістандық серіктестерді Қазақстан нарығына шақырды."Қазақстан халқына Жолдауымда 2025 жылға қарай кемінде 100 мың жоғары білікті IT-мамандарын даярлау міндетін жүктедім. Осыған байланысты Үндістанның IT және инженерлік кадрларды даярлаудағы тәжірибелері қызығушылық тудырады", – деді президент.Тоқаев халықаралық Astana Hub IТ-стартаптар технопаркінің базасында Bagmane технологиялық паркімен және Үндістанның басқа да IT саласындағы алпауыттарымен бірлесе отырып, Орталық Азияға арналған инженерлік кеңсе мен ақпараттық технологиялар мектебін ашуды ұсынды.Оқи отырыңыз: Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына өтініш жасады
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/450/81/4508179_0:153:4288:2848_1920x0_80_0_0_2ed709d567234450fd5f1229ef54bf89.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Тоқаев Орталық Азияға арналған IT-мектеп ашу туралы ұсыныс білдірді
21:28 27.01.2022 (жаңартылды: 14:05 01.02.2022) Мемлекет басшысы Үндістанның IT саласындағы алпауыттарымен бірлесе отырып, Орталық Азияға арналған инженерлік кеңсе мен ақпараттық технологиялар мектебін ашуды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер басшыларының "Орталық Азия – Үндістан" атты алғашқы саммитінде экономиканы цифрландыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлады Ақорданың
сайты. Мемлекет басшысы еліміздің осы саладағы әлеуеті туралы айта келе, жасанды интеллектіні енгізу, Big Data, интернет заттар, онлайн-коммерция және кибер қауіпсіздік, сондай-ақ елімізде телекоммуникациялар және электронды өнеркәсіп, электронды техникалардың жиынтық бөлшектерін шығару саласындағы зертханаларды ашу сияқты бірқатар маңызды бағытты атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев аталған бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға әзір екенін растап, үндістандық серіктестерді Қазақстан нарығына шақырды.
"Қазақстан халқына Жолдауымда 2025 жылға қарай кемінде 100 мың жоғары білікті IT-мамандарын даярлау міндетін жүктедім. Осыған байланысты Үндістанның IT және инженерлік кадрларды даярлаудағы тәжірибелері қызығушылық тудырады", – деді президент.
Тоқаев халықаралық Astana Hub IТ-стартаптар технопаркінің базасында Bagmane технологиялық паркімен және Үндістанның басқа да IT саласындағы алпауыттарымен бірлесе отырып, Орталық Азияға арналған инженерлік кеңсе мен ақпараттық технологиялар мектебін ашуды ұсынды.