https://sputnik.kz/20220127/Toqaev-Auganstan-dagdarys-19228698.html
Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына өтініш жасады
Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына өтініш жасады
Sputnik Қазақстан
Тоқаев Қазақстан Ауғанстанмен өзара іс-қимылды жалғастырып, гуманитарлық көмек жіберетінін айтты 27.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-27T17:31+0500
2022-01-27T17:31+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
ауғанстан
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/01/14/19182779_0:0:2923:1645_1920x0_80_0_0_8820cd3e3cde860e985f73db262a5bf6.jpg
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына Ауғанстанға көмек көрсету туралы өтініш жасады."Орталық Азия – Үндістан" бірінші онлайн-саммиті кезінде Тоқаев Қазақстан Ауғанстанмен іс жүзінде өзара іс-қимылды жалғастырып, оған азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмек түрінде көмек жіберіп отыратынын айтты.Республика президенті қауіпсіз және тұрақты Ауғанстан Азия елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту және дамуы үшін жаңа мүмкіндік ашатынына сенім білдірді.Орталық Азия елдері мен Үндістанның тауар айналымы 2020 жылы 3 миллиард долларға жетті, Қазақстанның осы саудадағы үлес салмағы 80%-ті құрады."Орталық Азия – Үндістан" онлайн форматтағы бірінші саммитте елдер көшбасшылары мемлекеттер арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайту және кеңейту перспективаларын талқылады.Іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан президенттері және Үндістан премьер-министрі қатысты.Оқи отырыңыз: Министр Ауғанстан Қазақстаннан қандай көмек сұрағанын айтты
ауғанстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/14/19182779_92:0:2823:2048_1920x0_80_0_0_4cf98d8c3c2af9d87c57c677ff722fc2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауғанстан, қасым-жомарт тоқаев
ауғанстан, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына өтініш жасады
17:31 27.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тоқаев Қазақстан Ауғанстанмен өзара іс-қимылды жалғастырып, гуманитарлық көмек жіберетінін айтты
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Үндістан басшысына Ауғанстанға көмек көрсету туралы өтініш жасады.
"Орталық Азия – Үндістан" бірінші онлайн-саммиті кезінде Тоқаев Қазақстан Ауғанстанмен іс жүзінде өзара іс-қимылды жалғастырып, оған азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмек түрінде көмек жіберіп отыратынын айтты.
"Біздің саяси көзқарасымызға, жеке сенімімізге қарамастан, біз Ауғанстан мен оның халқын бұрын соңды болмаған қиындықтар мен гуманитарлық дағдарыс кезінде жалғыз қалдырмауымыз керек", - деді Қазақстан басшысы.
Республика президенті қауіпсіз және тұрақты Ауғанстан Азия елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту және дамуы үшін жаңа мүмкіндік ашатынына сенім білдірді.
Орталық Азия елдері мен Үндістанның тауар айналымы 2020 жылы 3 миллиард долларға жетті, Қазақстанның осы саудадағы үлес салмағы 80%-ті құрады.
"Орталық Азия – Үндістан" онлайн форматтағы бірінші саммитте елдер көшбасшылары мемлекеттер арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайту және кеңейту перспективаларын талқылады.
Іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан президенттері және Үндістан премьер-министрі қатысты.