https://sputnik.kz/20220127/Shymkentte-ush-ayel-ustaldy-video-19227189.html
Шымкентте халықты 400 миллион теңгеге алдаған үш әйел ұсталды – видео
Шымкентте халықты 400 миллион теңгеге алдаған үш әйел ұсталды – видео
Sputnik Қазақстан
Тергеу барысында алаяқтардың бір схема бойынша 500-ге жуық адамды алдағаны белгілі болды 27.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-27T21:50+0500
2022-01-27T21:50+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
алаяқтық
шымкент
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_40fb5e551e9f15af77e24c13bad6bed0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Шымкент қаласында ірі көлемде алаяқтық жасаған үш әйел ұсталды. Олар халықты 400 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлады Polisia.kz порталы.Тергеу материалдарына сәйкес, өткен жылдың күзінде алаяқ әйелдер дүкенге кірген қала тұрғынына жолығып, тез баюдың қызықты схемасын ұсынған. Сөйтіп "300 мың теңгені өзіңе алып, 700 мың теңгені бізге берсең, кредитті толықтай өзіміз жабамыз" деп, бір миллион теңге кредит алуға көндірген. Бірақ кредит төлейтін уақыт жақындағанда із-түзсіз жоғалып кеткен. Жәбірленуші бірден полицияға хабар берді.Полицейлер алдымен алаяқтар жүрген жердегі бейнекамераларды көріп шықты. Көп ұзамай ізіне түсіп, үшеуінің жеке басын анықтады. Олардың бәрі қамауға алынды.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет жасалған әрекет) бойынша тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі деп танылған адамдардың мүлкі тәркіленеді.Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты қалай алаяқтардың құрбаны болғанын айтып берді
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_b4456f2cc745d6375be835c695305f07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, шымкент
Шымкентте халықты 400 миллион теңгеге алдаған үш әйел ұсталды – видео
21:50 27.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тергеу барысында алаяқтардың бір схема бойынша 500-ге жуық адамды алдағаны белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Шымкент қаласында ірі көлемде алаяқтық жасаған үш әйел ұсталды. Олар халықты 400 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлады
Polisia.kz порталы.
Тергеу материалдарына сәйкес, өткен жылдың күзінде алаяқ әйелдер дүкенге кірген қала тұрғынына жолығып, тез баюдың қызықты схемасын ұсынған. Сөйтіп "300 мың теңгені өзіңе алып, 700 мың теңгені бізге берсең, кредитті толықтай өзіміз жабамыз" деп, бір миллион теңге кредит алуға көндірген. Бірақ кредит төлейтін уақыт жақындағанда із-түзсіз жоғалып кеткен. Жәбірленуші бірден полицияға хабар берді.
Полицейлер алдымен алаяқтар жүрген жердегі бейнекамераларды көріп шықты. Көп ұзамай ізіне түсіп, үшеуінің жеке басын анықтады. Олардың бәрі қамауға алынды.
"Үшеуі де Түркістан облысының тумасы болып шықты. Тергеу барысында бір схема бойынша алаяқтардың 500-ге жуық адамды алдағаны белгілі болды. Жалпы шығын шамамен 400 миллион теңгені құрап отыр", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет жасалған әрекет) бойынша тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі деп танылған адамдардың мүлкі тәркіленеді.