Қоғам

Сенатор оқ атпайтын қару үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды

© Photo : pixabay/Jason Gillman Ружье
Ружье - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2022
Жазылу
Қайта құрастырылған қару-жарақтың көбеюі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді, деді депутат
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Сенат депутаты Андрей Лукин оқ атпайтын қару-жарақ контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершікті енгізуді ұсынды. Себебі соңғы кезде ондай құралдардан жауынгерлік қару құрастыру оқиғалары жиілеп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазіргі кезде бос партонмен ататын арнайы имитациялық қарудан, газды-травматикалық, сигналдық және пневматикалық қару-жарақтан кәдімгідей жауынгерлік қару жасау фактілері күрт көбейіп кеткен. Соңғы үш жылдың ішінде ғана ондай 129 қару тәркіленді. Жауынгерлік қару жасайтын 15 жасырын цех анықталды", - деді Лукин сенаттың жалпы отырысында.
Сенатордың айтуынша, ондай іспен, көбінесе, қылмыстық топтар мен деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары айналысып жатады. Ал қайта құрастырылған қару-жарақтың көбеюі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді.
"Сондықтан травматикалық, пневматикалық, имитациялық қару мен оның құрамдас бөліктері үшін, сондай-ақ, тіркеуге қойылмаған тегіс ұңғылы қару үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамын", - деп атап көрсетті Лукин.
Бұдан бөлек, сенатор қару-жарақ сататын дүкендердің техникалық қауіпсіздігіне қатысты талаптарды күшейтуді ұсынды. Себебі қаңтардың басындағы оқиғалар кезінде ондаған дүкен тоналды. Бүлікшілер мыңнан астам қару-жарақты ұрлап кетті. Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақ та аз емес.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2019-2021 жылдары 545 мың қылмыс тіркелді. Соның ішінде 600-ден астамы атыс қаруымен жасалды. Ал қару-жарақтың басым бөлігі заңсыз айналымда болған.

Оқи отырыңыз: 

 
 
Жаңалықтар
0