https://sputnik.kz/20220127/Senat-Elbasy-okilettiligi-19224137.html
Сенат Елбасымен мемлекеттік бастамаларды келісу қажеттілігін алып тастауды ұсынды
Сенат Елбасымен мемлекеттік бастамаларды келісу қажеттілігін алып тастауды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Елдің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамалары Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алынып тасталмақ 27.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-27T09:05+0500
2022-01-27T09:05+0500
2023-08-09T12:51+0500
саясат
елбасы
заң
сенат
https://sputnik.kz/img/07e5/02/09/16244660_0:168:3045:1881_1920x0_80_0_0_676704b1bea378fed4aec196c4026eb1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Сенаторлар "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" конституциялық заңға өзгерістертерді енгізу мәселесін қарады.Соның аясында Елбасының Қауіпсіздік кеңесіне және Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құзіреті тоқтатылады. Сондай-ақ сенат депутаттары тұңғыш президентпен мемлекеттік бастамаларды келісу қажеттілігін алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жоғарғы палата бұрын айтылған барлық өзгерісті мақұлдады. Соның ішінде Елбасының Қауіпсіздік кеңесіне және Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құзіретін тоқтату мәселесі де бар. Алайда тағы бір түзетуге байланысты заң жобасы төменгі палатаға қайтарылды.Енді, бұл түзетуді мәжіліс депутаттары қарайды. Ал қабылдаған жағдайда заң жобасы бірден президентке қол қоюға жіберіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/09/16244660_157:0:2888:2048_1920x0_80_0_0_e8fe68fb2d04a489208434928d61a1b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елбасы, заң, сенат
Сенат Елбасымен мемлекеттік бастамаларды келісу қажеттілігін алып тастауды ұсынды
09:05 27.01.2022 (жаңартылды: 12:51 09.08.2023) Елдің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамалары Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алынып тасталмақ
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Сенаторлар "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" конституциялық заңға өзгерістертерді енгізу мәселесін қарады.
Соның аясында Елбасының Қауіпсіздік кеңесіне және Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құзіреті тоқтатылады. Сондай-ақ сенат депутаттары тұңғыш президентпен мемлекеттік бастамаларды келісу қажеттілігін алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр. "Тұңғыш Президент туралы" заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамалары Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алынып тасталғалы отыр. Сондықтан да сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, бір өзгеріспен мәжіліске қайтарып отыр",- деді депутат Ләззат Сүлеймен сенаттың жалпы отырысында.
Жоғарғы палата бұрын айтылған барлық өзгерісті мақұлдады. Соның ішінде Елбасының Қауіпсіздік кеңесіне және Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құзіретін тоқтату мәселесі де бар. Алайда тағы бір түзетуге байланысты заң жобасы төменгі палатаға қайтарылды.
Енді, бұл түзетуді мәжіліс депутаттары қарайды. Ал қабылдаған жағдайда заң жобасы бірден президентке қол қоюға жіберіледі.