https://sputnik.kz/20220127/Elorda-politsiya-departament-19225000.html
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін осы қызметті атқарған Ержан Сәденов Қазақстан президентінің өкімімен жақында ішкі істер министрінің орынбасары болды 27.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-27T10:34+0500
2022-01-27T10:34+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
полиция
елорда
елорда тынысы
кадрлық ауыс-түйіс
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1b/19224794_0:0:883:499_1920x0_80_0_0_b5ba811214dec03906c96139e483a688.jpg
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы болып Марат Төлебаев тағайындалды, деп хабарлады Polisia.kz.Бұған дейін осы қызметті атқарған Ержан Сәденов Қазақстан президентінің өкімімен жақында ішкі істер министрінің орынбасары болды.Төлебаев президент әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалды. ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев оны жеке құрамға таныстырды.Тұрғымбаев елорда әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың қатарында болуға тиіс екенін баса айтты.Марат Сағынтайұлы Төлебаев 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарындағы қызметін Қостанай облысында қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастады. Әр жылдары елордада полиция департаментінің бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарды.Қостанай облысы және Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.2019 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментін басқарды. Полиция генерал-майоры.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1b/19224794_0:0:795:499_1920x0_80_0_0_a1dfa89f44fc5486ab6e86648d9d1989.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, елорда
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
10:34 27.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Бұған дейін осы қызметті атқарған Ержан Сәденов Қазақстан президентінің өкімімен жақында ішкі істер министрінің орынбасары болды
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы болып Марат Төлебаев тағайындалды, деп хабарлады
Polisia.kz. Бұған дейін осы қызметті атқарған Ержан Сәденов Қазақстан президентінің өкімімен жақында ішкі істер министрінің орынбасары болды.
Төлебаев президент әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалды. ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев оны жеке құрамға таныстырды.
"Елорда қарқынды өсіп, дамып келеді, оның тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Аумақтық бөлімшені басқаруда мол тәжірибесі бар Марат Төлебаев мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған міндеттерін орындау жұмыстарын, оның ішінде халықпен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, полиция қызметін цифрландыру және қылмысқа қарсы күресті тиісті деңгейде жалғастыратынына сенімдімін", - деді министр.
Тұрғымбаев елорда әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың қатарында болуға тиіс екенін баса айтты.
Марат Сағынтайұлы Төлебаев 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарындағы қызметін Қостанай облысында қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастады. Әр жылдары елордада полиция департаментінің бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарды.
Қостанай облысы және Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментін басқарды. Полиция генерал-майоры.