https://sputnik.kz/20220127/Dostyq-Altynkol-stansa-19227573.html
Достық және Алтынкөл стансаларының басшылары қызметтен босатылды
Достық және Алтынкөл стансаларының басшылары қызметтен босатылды
Sputnik Қазақстан
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін қаржы министрі мен ұлттық теміржол компаниясының басшысы шекараға барып, кеден бекеттерін тексеріп шықты 27.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-27T16:09+0500
2022-01-27T16:09+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
https://sputnik.kz/img/07e5/06/09/17293991_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_e0a72d4ba1038a6ea90ecb06aa1c1b17.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамауабаев пен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаев Қытай шекарасындағы кеден бекеттерін тексеріп шықты.Олар алдымен KTZE-Khorgos Gateway құрғақ портын, одан кейін "Нұрлы жол" мен "Алтынкөл" өткізу бекеттеріне барды. Сондай-ақ жүк тасымалдаушылармен кездесіп, Қазақстан-Қытай шекарасында бизнесті жүргізу мәселесін талқылады."Сапар қорытындысы бойынша Достық және Алтынкөл шекара маңындағы теміржол стансаларының басшылары өз қызметтерінен босатылды", - делінген ресми хабарламада. Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.Тоқаевтың тапсырмасы11 қаңтарда президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кедендегі былықтарды жоюды тапсырды. Әсіресе, Қытай шекарасындағы кеден бекеттерінде тәртіпсіздіктер көп. Көліктер тексерілмейді. Салық пен баждар төленбейді. Ал ресми статистика Қытай Халық Республикасының кеден органдары ұсынған ақпаратпен сәйкеспей жатады. Екі жақты есеп айырмашылығы миллиардтаған долларды құрайды."Орталық Азия – ҚХР" онлайн саммитінде Тоқаев кеден шекарасындағы тәртіпті орнату жұмыстыраның басталып кеткенін айтты."Біз кеден шекарасында тәртіп орнату бойынша тиімді жұмыстарды бастадық. Сонымен қатар заңсыз әрекет арқылы бизнес үшін түрлі кедергі келтірген кәсіпкерлермен күрес жүргізіп жатырмыз. Заңға қайшы мұндай әрекеттерге қарсы бағытталған жұмыс жақын уақытта нәтижесін береді деп сенемін", - деді Тоқаев.Оқи отырыңыз: Қазақстан кеденде тәртіп орнатып жатыр – Тоқаев Ал мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, тексеріс үшін арнайы топ құрылды. Оған бас прокуратура, қаржы мониторингі агенттігі және қаржы министрлігінің мамандары кіреді.Оқи отырыңыз: "Самұрық-Қазына" басшысы Тоқаевтың сынынан кейін желіде жазба қалдырды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/09/17293991_271:0:1231:720_1920x0_80_0_0_e592b8157d183e71121f1dfeac88bcc3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Достық және Алтынкөл стансаларының басшылары қызметтен босатылды
16:09 27.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тоқаевтың тапсырмасынан кейін қаржы министрі мен ұлттық теміржол компаниясының басшысы шекараға барып, кеден бекеттерін тексеріп шықты
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамауабаев пен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаев Қытай шекарасындағы кеден бекеттерін тексеріп шықты.
Олар алдымен KTZE-Khorgos Gateway құрғақ портын, одан кейін "Нұрлы жол" мен "Алтынкөл" өткізу бекеттеріне барды. Сондай-ақ жүк тасымалдаушылармен кездесіп, Қазақстан-Қытай шекарасында бизнесті жүргізу мәселесін талқылады.
"Сапар қорытындысы бойынша Достық және Алтынкөл шекара маңындағы теміржол стансаларының басшылары өз қызметтерінен босатылды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
11 қаңтарда президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кедендегі былықтарды жоюды тапсырды. Әсіресе, Қытай шекарасындағы кеден бекеттерінде тәртіпсіздіктер көп. Көліктер тексерілмейді. Салық пен баждар төленбейді. Ал ресми статистика Қытай Халық Республикасының кеден органдары ұсынған ақпаратпен сәйкеспей жатады. Екі жақты есеп айырмашылығы миллиардтаған долларды құрайды.
"Орталық Азия – ҚХР" онлайн саммитінде Тоқаев кеден шекарасындағы тәртіпті орнату жұмыстыраның басталып кеткенін айтты.
"Біз кеден шекарасында тәртіп орнату бойынша тиімді жұмыстарды бастадық. Сонымен қатар заңсыз әрекет арқылы бизнес үшін түрлі кедергі келтірген кәсіпкерлермен күрес жүргізіп жатырмыз. Заңға қайшы мұндай әрекеттерге қарсы бағытталған жұмыс жақын уақытта нәтижесін береді деп сенемін", - деді Тоқаев.
Ал мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, тексеріс үшін арнайы топ құрылды. Оған бас прокуратура, қаржы мониторингі агенттігі және қаржы министрлігінің мамандары кіреді.