https://sputnik.kz/20220126/dukendi-tonagan-erkek-pen-ayel-ustaldy-19221790.html
Алматы әуежайындағы дүкенді тонағандар ұсталды
Алматы әуежайындағы дүкенді тонағандар ұсталды
Sputnik Қазақстан
Отбасылық жұптың үйінен 1,5 миллион теңгенің заты табылды, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды 26.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-26T16:49+0500
2022-01-26T16:49+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1d/15324676_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_41ea6424cef6194daf2e892341b78319.jpg
АЛМАТЫ, 26 қаңтар – Sputnik. 5-6 қаңтарда Алматыда болған тәртіпсіздік кезінде халықаралық әуежайды бүлікшілер басып алды, әуе айлағы ғимаратында орналасқан дүкендер тоналды. Оның ішінде "Француз үйі" дүкені де бар. Ол жерден 17 миллион теңгеден астам соманың тауары ұрланған.Көлік полициясы дүкенді тонаған бірге тұратын жұпты анықтап, ұстады. Олар ұрланған тауарды үйінде сақтап, кейін сатпақ болған.Тәркіленген заттай дәлелдемелер 1,5 миллион теңгеге бағаланады, деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 35 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 33 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған екі баласы болуына байланысты "ешқайда кетпеу туралы қолхатпен" босатылған.Алматы әуежайындағы "Француз үйі" дүкенінің иесі көлік күзетшілеріне ұрланған тауарды қайтарғаны үшін алғыс білдірді, деді Sputnik Қазақстанға көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1d/15324676_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8d01bb024080a90987cf815bf2df68ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Алматы әуежайындағы дүкенді тонағандар ұсталды
16:49 26.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Отбасылық жұптың үйінен 1,5 миллион теңгенің заты табылды, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды
АЛМАТЫ, 26 қаңтар – Sputnik. 5-6 қаңтарда Алматыда болған тәртіпсіздік кезінде халықаралық әуежайды бүлікшілер басып алды, әуе айлағы ғимаратында орналасқан дүкендер тоналды. Оның ішінде "Француз үйі" дүкені де бар. Ол жерден 17 миллион теңгеден астам соманың тауары ұрланған.
Көлік полициясы дүкенді тонаған бірге тұратын жұпты анықтап, ұстады. Олар ұрланған тауарды үйінде сақтап, кейін сатпақ болған.
Тәркіленген заттай дәлелдемелер 1,5 миллион теңгеге бағаланады, деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 35 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 33 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған екі баласы болуына байланысты "ешқайда кетпеу туралы қолхатпен" босатылған.
Алматы әуежайындағы "Француз үйі" дүкенінің иесі көлік күзетшілеріне ұрланған тауарды қайтарғаны үшін алғыс білдірді, деді Sputnik Қазақстанға көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.