Қоғам

"Оператор РОП" басқарушы директоры өлі табылды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2022
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша ол өзіне қол жұмсаған
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті "ӨКМ операторы" ЖШС (Оператор РОП) басшыларының бірі Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Есіл ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша тергеуді бастады.
Қазіргі күні тиісті сараптамалар тағайындалды.
Алдын ала болжам бойынша ол өзіне қол жұмсаған.
2021 жылдан Шәмшиев компанияның құқықтық мәселелері жөніндегі басқарушы директоры болған.
Бұған дейін "Азаматтарға арналған үкімет", көліктік прокуратура және кеден органдарында қызмет етті.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті ұстағанын жазған болатынбыз.
Олар жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді. БАҚ мәліметінше, Пірімқұлов пен Құмарғалиев елден кетуге оқталды.
Оқи отырыңыз: Утилизациялық алымның мөлшерлемесі ақпан айының соңына дейін бекітіледі
Жаңалықтар
0