Омикронды тест тапсырмай-ақ анықтауға болады – академик

© Sputnik / Владимир ТрефиловДепутат Госдумы Российской Федерации, бывший главный санитарный врач России, доктор медицинских наук Геннадий Онищенко
Депутат Госдумы Российской Федерации, бывший главный санитарный врач России, доктор медицинских наук Геннадий Онищенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2022
Жазылу
Омикрон маусымдық тұмауға айналып келеді, деп мәлімдеді эпидемиолог Онищенко
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Омикрон жеңіл өтеді (басқа штамдармен салыстырғанда), бірақ вакциналау мен гигиеналық шараларды елемеуге болмайды. Бұл шаралар пандемияны тезірек жеңуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының академигі Геннадий Онищенко Sputnik ақпарат агенттігі алаңында өткен видеокөпірде айтты.
"Адамдар омикроннан тез айығып жатыр, пневмония азайды деп арқаны кеңге салуға болмайды. Иә, азайғаны рас, бірақ өлім-жітім көп", - деді Онищенко.
Сонымен қатар, оның айтуынша, егер балалар коронавируспен ауырмай, симптомсыз тасымалдаушы болса, онда олар омикронмен жиі ауырады, дегенмен бүгінде ауруханаға жатқызу жағдайлары аз.
Академик отбасында біреу ауырып қалса, қалғандары қауіпсіздік шараларын назардан тыс қалдырмау керектігін атап өтті. Маска кию, науқасты бөлек бөлмеде оқшаулау, жеке ыдыс-аяқ қолдану қажет. Егер кішкентай бала ауырып қалса, инфекция жұқтырмас үшін ересектер маска кию керек.
"Омикрон соңғы штамм бола ма, жоқ па, бәрі өзімізге байланысты. Ол таралу ауқымы жағынан тұмауға ұқсай бастады. Ал егер анық солай болса, "Спутникті" салдырғандар омикроннан 70 процентке қорғалған деп айта аламыз, яғни ол аяқталады, кейін маусымдық ауруға өтеді деуге негіз бар", - деді академик.
Академик жаппай вакциналау жақсы деңгейге жеткен жағдайда "мамырда коронавирусты ұмытамыз" деген сенімде.
Онищенко сондай-ақ омикронды тест тапсырмай-ақ бірнеше белгі бойынша анықтауға болатынын айтты.
"Біріншіден, омикрон өкпені емес, жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайды. Дауыстың қарлығуы, мұрынның бітелуі, жоғары температура – бұл ең бастысы. Эпидемиологиялық деректерге сүйене отырып, диагноз қоюға болады. Егер үйде науқас болса, ертеңіне тағы бір адамның ыстығы шықса, тест тапсырудың қажеті жоқ", - деді академик.
Видеокөпірді мына сілтеме арқылы көре аласыз.  
Жаңалықтар
0