Қоғам

Экология вице-министрі мен "Оператор РОП" басшысы қамауға алынды

© Sputnik / Абзал КалиевВице-министр экологии Казахстана Ахметжан Примкулов
Вице-министр экологии Казахстана Ахметжан Примкулов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2022
Жазылу
НовостиTelegram
Қазіргі күні екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС (Оператор РОП) басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті ұстады.
Олар жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді. БАҚ мәліметінше, Пірімқұлов пен Құмарғалиев елден кетуге оқталды.
Қазіргі күні екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Пірімқұлов вице-министр қызметін 2019 жылдың шілдесінен бастап атқарды. Оның айналысқан мәселесінің бірі - қоқысты утилизациялау болатын.
Құмарғалиев "ӨКМ Операторы" компаниясының басқарма төрағасы болып 2019 жылы тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке утилизациялық алым ставкасын қайта қарауды және "Оператор "РОП-тың" қызметін тоқтатуды тапсырды.
Қазақстан үкіметі "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады.
 
 
Жаңалықтар
0