https://sputnik.kz/20220126/Almaty-oblysy-politseyler-19216860.html
Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан екі тапанша табылды
Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан екі тапанша табылды
Sputnik Қазақстан
Қару-жарақтың жанында құралдарды белбеуге қыстыратын арнайы бекіту заттары табылды 26.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-26T07:05+0500
2022-01-26T07:05+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
алматы облысы
полицей
тапанша
https://sputnik.kz/img/07e4/08/18/14776416_0:172:3026:1874_1920x0_80_0_0_88fc22c16a82e5a99ee6d150a96ca617.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Алматы облысының полицейлері қараусыз қалған ғимаратты тексеру барысында екі тапанша мен оқ-дәрілер тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.19 қаңтар күні аудандағы орталық ауруханаға қарсы орналасқан иесіз ғимаратты тексеру кезінде атыс қаруы табылған. Ол жерден екі Макаров тапаншасы, тапаншаларға арналған төрт оқпан және 28 оқ-дәрі тәркіленген.Сонымен қатар, қару-жарақтың жанында құралдарды белбеуге қыстыратын арнайы бекіту заттары табылды.Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Салыстыру нәтижесінде бұл атыс қарулары жаппай тәртіпсіздік кезінде Талдықорған қаласының полиция басқармасы ғимаратынан ұрланғаны анықталды.Табылған барлық қару-жарақ қылмыстық іс материалдарына тіркеу үшін Алматы облысы тергеу басқармасына жолданды.Оқи отырыңыз: Адвокат "Дикий Арман" қандай күдікке ілінгенін айтты
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/18/14776416_149:0:2878:2047_1920x0_80_0_0_531fb877e63e1e221b438c5506b6568f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, полицей, тапанша
алматы облысы, полицей, тапанша
Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан екі тапанша табылды
07:05 26.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қару-жарақтың жанында құралдарды белбеуге қыстыратын арнайы бекіту заттары табылды
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Алматы облысының полицейлері қараусыз қалған ғимаратты тексеру барысында екі тапанша мен оқ-дәрілер тапты, деп хабарлайды
Polisia.kz. 19 қаңтар күні аудандағы орталық ауруханаға қарсы орналасқан иесіз ғимаратты тексеру кезінде атыс қаруы табылған. Ол жерден екі Макаров тапаншасы, тапаншаларға арналған төрт оқпан және 28 оқ-дәрі тәркіленген.
Сонымен қатар, қару-жарақтың жанында құралдарды белбеуге қыстыратын арнайы бекіту заттары табылды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Салыстыру нәтижесінде бұл атыс қарулары жаппай тәртіпсіздік кезінде Талдықорған қаласының полиция басқармасы ғимаратынан ұрланғаны анықталды.
Табылған барлық қару-жарақ қылмыстық іс материалдарына тіркеу үшін Алматы облысы тергеу басқармасына жолданды.