Әлем

АҚШ-та бағаның қымбаттауынан бүкіл әлем зардап шегуі мүмкін

© REUTERS / Caitlin OchsРебенок смотрит на витрину магазина в Нью-Йорке
Ребенок смотрит на витрину магазина в Нью-Йорке - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2022
Жазылу
Қымбатшылық америкалықтарға да, басқаларға да ешқандай жақсылық алып келмейді
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. АҚШ-та инфляция деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті. Соңғы 40 жылда мұндай болған емес. Бұл экономикаға дағдарысқа қарсы ақша құюдың салдары. Америкалық баспа станогының белсенді жұмысы үшін бүкіл әлем зардап шегуі мүмкін. Алайда Америка президенті Джо Байден бұл туралы сөз қозғамады, деп жазды РИА Новости.
Жылдық көріністе жеті процент – желтоқсандағы көрсеткіш. Дүйсенбіде Ақ үйде осы мәселе талқыланды. Байден экономикалық кеңесшілерімен кездесті және бұл шара теледидар арқылы тікелей көрсетілді.
Журналистерді залдан шығарып жатқан кезде Fox News телеарнасының тілшісі Питер Дуси президенттен "Конгреске аралық сайлау қарсаңында инфляция саяси проблемаға айналды деп санайсыз ба?" деп айқайлап сұрады. Байденге бұл сауал ұнамаған секілді. "Бұл үлкен құндылық. Үлкен инфляция. Не қылған ақымақ адам", - деп мысқылдап жауап берген президент микрофон қосулы болғанын байқамаған сыңайлы.
Бір сағаттан кейін Байден журналистке хабарласып, кешірім сұрағанын және жеке басқа тіл тигізгісі келмегенін айтқан, деп хабарлады Fox News. Жалпы АҚШ президентінің журналистермен қарым-қатынасы өте күрделі екенін айта кету керек.
Байден БАҚ-пен текетірес орнатып жатқан шақта инфляция өсуін тоқтатар емес. Биліктің бұған тікелей қатысы бар болып отыр. 2020 жылы АҚШ-тағы Федералды резерв жүйесі триллион доллар басып шығарды. Ол қаражатты бизнеске, үй шаруаларына үлестіріп берді.
"Әрбір америкалық тауар мен қызмет сатып алып, өнімге қайтадан қосымша сұраныс тудырды", - деп түсіндірді Плеханов атындағы РЭУ экономика теорриясы кафедрасының доценті Екатерина Новикова.
Дағдарысқа қарсы қаражаттың басым бөлігін қаржы нарығы сіңіріп алды. Уақыт өте келе бұл триллиондар шынайы экономикаға еніп, инфляцияны арттырады.
"Жаһандық влюта резервтері құрылымындағы (59%-тен көп) және халықаралық саудадағы (87% мәміле) доллардың жағдайы Вашингтонның экономиканы ынталандыру үшін ақша көлемін белсенді арттыруға еркіндік беріп отыр", - деді "АБЦ" ЖШҚ инвестициялық компаниясының бас директоры Евгений Лешков.
Жарты жыл ішінде америкалық индекстер орта есеппен үштен бір деңгейге өсті.
Пандемия дендеген шақта экономикаға ақша салмасқа болмады.
"Оның салдары туралы ешкім ойланған жоқ. Алайда Америка экономикасы жаһандық нарықтың локомотиві екенін ұмытпау керек. Мұхиттың арғы бетіндегі кез келген өзгерістер басқа елдерге лезде әсер етеді және бұл әсер жағымсыз болып отыр", - дейді қаржы маманы Андрей Плотников.
Қымбатшылық америкалықтарға да, басқаларға да ешқандай жақсылық алып келмейді. Сондықтан АҚШ-тағы инфляцияға бей-жай қарауға болмайды.
Еуропа орталық банкі де ақшаны белсенді басып шығарды.
"Ұлыбританияда инфляция деңгейі бестен жоғары. Германия мен Францияда да осындай көрсеткіш. Бұл онжылдықтардағы жоғары көрсеткіш", - дейді "Тәжірибелік инвестициялау мектебінің" негізін қалаушы, жеке инвестор Федор Сидоров.
Өндірушілердің сату бағасы кейбір елде желтоқсанда 25%-ке өсті.
"Бұл жаһандық инфляция бәсеңдемейтінін білдіреді. Ресейді қоса алғанда дамушы елдер де зардап шегеді. Импорт тауарлар, жабдықтар, шикізат қымбат болған сайын ішкі нарықтағы баға да шарықтайды", - дейді сарапшы.
Өндірістің әлі қалпына келмеуі жағдайды ушықтырып отыр. Ал сұраныс барлық жерде күннен-күнге артып жатыр.
Бұл тығырықтан орталық банктердің мөлшерлемені арттыруы ғана шығара алады. Федералды резерв жүйесі бұған дайын тұр және наурызда алғашқы қадам жасауы ықтимал. Жалпы осындай төрт раунд болады. Алайда аналитиктер инфляция тек жыл соңына қарай бәсеңдейді деп болжам жасап отыр. Себебі дәл қазір және жылдам нәтиже беретін құрал жоқ.
Мұның да дамушы нарықтардан капиталдың жылыстауы, ұлттық валюталардың құнсыздануы, экономика тоқырауы сынды салдары болатыны белгілі.
Федералды резерв жүйесінің инфляцияға қарсы саясаты шикізатқа жаһандық сұраныстың төмендеуіне алып келеді. Бұл экспортқа бейімделген дамушы елдер, атап айтқанда, Ресей үшін тиімсіз болады.
"Дегенмен ақша-кредит саясаты күрт қатаяды деп күту орынсыз. Ақ үй мұны көздеп отырған жоқ. Конгресс сайлауы жақындап қалған кезде демократтар дауыстан айырылғысы келмейді. Ал Байденнің рейтингі қазір небәрі 40%. Президенттер арасында Дональд Трампта ғана бұдан аз болған –38%", - деп есептейді Евгений Лашков.
Morning Consult/Politico мәліметі бойынша, қазіргі президентті дауыс беруші демократтардың 78%-і қолдап отыр. Сөзсіз қолдайтындар тек үштен бірі ғана. Желтоқсанда Байден 15 тармаққа төмен түсті. Ал республикашыл сайлаушылардың басым бөлігі оны қолдамайды.
Жаңалықтар
0