https://sputnik.kz/20220125/qytai-revolyutsiya-Si-Tszinpin-19213168.html
Қытай Қазақстанда түрлі-түсті революция ұйымдастыру әрекетіне қарсы – Си Цзиньпин
Қытай Қазақстанда түрлі-түсті революция ұйымдастыру әрекетіне қарсы – Си Цзиньпин
Sputnik Қазақстан
Қытай лидері адам құқығын қорғауды желеу етіп мемлекеттің ішкі ісіне араласу әрекетіне қарсы екенін білдірді 25.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-25T14:39+0500
2022-01-25T14:39+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
қытай
қазақстан
си цзиньпин
https://sputnik.kz/img/248/14/2481437_0:35:2057:1192_1920x0_80_0_0_b7bd7e39a117d7d727fa60db04fda9b1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанда қаңтар айының басында болған тәртіпсіздіктерге қатысты пікірін білдірді.Ол Қазақстандағы тәртіпсіздіктер көптеген адамның өлімі мен материалдық шығынға әкеп соққанын еске салды."Қазақстанның көршісі әрі досы бола отырып, Қытай Қазақстанның озбырлықты тоқтату және ахуалды тұрақтандыру бағытындағы күш-жігерін табанды түрде қолдайды. Қытай Қазақстанға қажетті қолдау мен көмек көрсетуге дайын. Президент Тоқаевтың мықты басшылығының арқасында Қазақстан халқының болашағы жарқын болатынына сенімдімін", - деді Цзиньпин.Сондай-ақ ҚХР басшысы Қазақстанға "көрші әрі дос" мемлекет ретінде қарайтынын атап өтті."Қытай ізгі ниеттілік, шынайылық, өзара пайда және толеранттылық концепциясын ұстанады. Орталық Азия мемлекеттерімен жоғары деңгейдегі байланысын одан әрі кеңейтеді, стратегиялық үйлестіруді жандандырады. Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлері кездесуінің рөлі мен диалогтың басқа да тетіктерін жұмылдыру, ынтымақтастығымыз мен өзара сенімді нығайту, бірлескен даму мен гүлдену жолында өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету маңызды деп санаймын", - деді ол.
қытай
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/248/14/2481437_0:0:1827:1370_1920x0_80_0_0_670381f2a4556b6afcba246ad54c1b63.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, қазақстан, си цзиньпин
қытай, қазақстан, си цзиньпин
Қытай Қазақстанда түрлі-түсті революция ұйымдастыру әрекетіне қарсы – Си Цзиньпин
14:39 25.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қытай лидері адам құқығын қорғауды желеу етіп мемлекеттің ішкі ісіне араласу әрекетіне қарсы екенін білдірді
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанда қаңтар айының басында болған тәртіпсіздіктерге қатысты пікірін білдірді.
"Біз бәріміз сыртқы күштердің өңірде түрлі-түсті революция ұйымдастыруына, адам құқығын желеу етіп елдің ішкі ісіне араласуына, халқымыздың тыныш өмірін бұзуына үзілді-кесілді қарсымыз", - деп мәлімдеді Си Цзиньпин "Орталық Азия – ҚХР" онлайн саммитінде.
Ол Қазақстандағы тәртіпсіздіктер көптеген адамның өлімі мен материалдық шығынға әкеп соққанын еске салды.
"Қазақстанның көршісі әрі досы бола отырып, Қытай Қазақстанның озбырлықты тоқтату және ахуалды тұрақтандыру бағытындағы күш-жігерін табанды түрде қолдайды. Қытай Қазақстанға қажетті қолдау мен көмек көрсетуге дайын. Президент Тоқаевтың мықты басшылығының арқасында Қазақстан халқының болашағы жарқын болатынына сенімдімін", - деді Цзиньпин.
Сондай-ақ ҚХР басшысы Қазақстанға "көрші әрі дос" мемлекет ретінде қарайтынын атап өтті.
"Қытай ізгі ниеттілік, шынайылық, өзара пайда және толеранттылық концепциясын ұстанады. Орталық Азия мемлекеттерімен жоғары деңгейдегі байланысын одан әрі кеңейтеді, стратегиялық үйлестіруді жандандырады. Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлері кездесуінің рөлі мен диалогтың басқа да тетіктерін жұмылдыру, ынтымақтастығымыз мен өзара сенімді нығайту, бірлескен даму мен гүлдену жолында өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету маңызды деп санаймын", - деді ол.