Қоғам

Қазақстанның оңтүстігі жарықсыз қалды

© Sputnik / Владислав ВодневВысоковольтная линия электропередачи. Казахстан
Высоковольтная линия электропередачи. Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2022
Жазылу
Электр энергиясын қайта қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Алматыда электр энергиясы өшті. Әлеуметтік желіде басқа да оңтүстік өңірлердің тұрғындары жарықсыз қалғанын айтып шағымдануда.
Жарық тек Алматыда ғана емес, Талдықорған (Алматы облысы) қаласында да сөнген.
Куәгерлердің айтуынша, Алматыда Байтұрсынов көшесінен жоғары орналасқан аудан жарықсыз қалды. Қаланың қалған бөлігінде жағдай қалай екенін Sputnik Қазақстан тілшілері анықтап жатыр.
Алматы әкімдігі электр энергиясы KEGOC желісі бойынша өшкенін мәлімдеді.
Алдын ала мәліметке сүйенсек, желілерде кернеу төмендеп кеткен. АЖК қосалқы станцияларында автоматты жиілікті түсіру жүйесі іске қосылған.
Жарықты қайта қосу жұмыстары басталды.
Шымкент пен Тараздың кейбір аудандарында да электр энергиясы өшкен. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде жазып жатыр.
Блэкаут туралы хабарламалар Ташкенттен де түсуде. Қалада метро жұмысы тоқтаған. Қырғызстан астанасы Бішкекте сорғы станцияларында жарық сөнді.
Sputnik Қырғызстан хабарлауынша, елдің энергетика министрлігі Қырғызстанда электр энергиясы 30 минут ішінде қосылатынына сендірген.
"Жарық бүкіл Орталық Азияда өшіп қалды. Қырғызстан энергия сақинасынан шығып, электр энергиясымен қамтамасыз етуді 30 минут ішінде қалпына келтіреді", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0