Экономика

Тоқаев Қытай мен Орталық Азия арасында тауар айналымын ұлғайтуды ұсынды

© Photo : Facebook / Берік УәлиҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2022
Жазылу
Отыз жыл ішінде ҚХР мен Орталық Азия арасында сауда көлемі 100 еседен артық өсті, деп мәлімдеді Қазақстан президенті
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Қытай арасында сауда және көлік бойынша министрліктер консультациясын өткізуді ұсынды.
"Сауда және көліктің өзара байланысы мәселелері бойынша бірлескен жолдарды пысықтау үшін "Орталық Азия + Қытай" министрліктер консультациясы тетігін іске қосуды ұсынамын. (…) Қытайлық серіктестердің мәліметінше, соңғы 30 жылда ҚХР мен Орталық Азия арасында сауда көлемі 100 еседен артық өскен. Және мұнымен шектеліп қалмайды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін белсенді шаралар қабылдау қажет", - деді Тоқаев "Орталық Азия – ҚХР" онлайн саммитінде.
Бұл міндет тауар айналымы құрылымын әртараптандыруды, кедергілерді жоюды, кеден ісінде тәртіп орнатуды және инновациялық шешімдер енгізуді көздейді.
Оқи отырыңыз: Қытай Қазақстанда түрлі-түсті революция ұйымдастыру әрекетіне қарсы – Си Цзиньпин
"Қазақстан 135 позиция бойынша ҚХР-ға экспортты ұлғайтуға қауқарлы. Соның ішінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті 1 миллиард доллардан арттыруға болады", - деді Қазақстан президенті.
Орталық Азия мемлекеттері мен ҚХР лидерлерінің онлайн саммиті дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай өтіп жатыр.
Жаңалықтар
0