https://sputnik.kz/20220125/Ortaly-saylau-komissiyasy-basshy-19210311.html
Әбдіров ОСК төрағасы болып тағайындалды
Әбдіров ОСК төрағасы болып тағайындалды
Sputnik Қазақстан
Берік Имашевтің орнына Орталық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы болып Нұрлан Әбдіров тағайындалды 25.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-25T11:10+0500
2022-01-25T11:10+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
кадрлық ауыс-түйіс
https://sputnik.kz/img/748/39/7483976_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_59ac7df7caf13107d57f1eb5ee3dfe42.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Президенттің жарлығымен Нұрлан Әбдіров ОСК басшысы қызметіне тағайындалды. Нұрлан Әбдіров сенат депутаты болған еді. Мемлекет басшысының жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты оның өкілеттігі тоқтатылды.Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қызметінен босатты.Нұрлан Әбдіров туралы не білемізӘбдіров Нұрлан Мәжитұлы 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. КСРО ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.Әр жылдары ішкі істер министрлігінде, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігінде түрлі қызметтер атқарды.2002 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің құрылымында жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап мәжіліс депутаты болды. Төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдағы мәжіліс депутаты.2020 жылы тамызда Әбдіров сенат депутаты болып тағайындалды. Сол жылдың қыркүйегінде сенат төрағасының орынбасары болды."Құрмет" және "Парасат" орденімен, "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медалімен наградталған.Үйленген, екі баласы бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/39/7483976_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_02cfdf786bdd2ad2b454f1543eb10322.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Әбдіров ОСК төрағасы болып тағайындалды
11:10 25.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Берік Имашевтің орнына Орталық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы болып Нұрлан Әбдіров тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Президенттің жарлығымен Нұрлан Әбдіров ОСК басшысы қызметіне тағайындалды.
"Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген Ақорда сайтында жарияланған жарлықта.
Нұрлан Әбдіров сенат депутаты болған еді. Мемлекет басшысының жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты оның өкілеттігі тоқтатылды.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевті қызметінен босатты.
Нұрлан Әбдіров туралы не білеміз
Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. КСРО ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.
Әр жылдары ішкі істер министрлігінде, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігінде түрлі қызметтер атқарды.
2002 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің құрылымында жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап мәжіліс депутаты болды. Төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдағы мәжіліс депутаты.
2020 жылы тамызда Әбдіров сенат депутаты болып тағайындалды. Сол жылдың қыркүйегінде сенат төрағасының орынбасары болды.
"Құрмет" және "Парасат" орденімен, "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медалімен наградталған.
Үйленген, екі баласы бар.