Олимпиада-2022: көрермендерді қандай шоу күтіп тұр – фото
15:40 25.01.2022 (жаңартылды: 16:03 09.08.2023)
Жазылу
Бейжіңдегі Олимпиадаға дейін аз уақыт қалды. Жақын күндері Олимпиада алауының эстафетасы аяқталады. Ал спортшылар Қытайға сапарға аттануға дайын отыр
Биылғы қысқы Олимпиада шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мерекелеумен тұспа-тұс келіп отыр.
Бұл мерекеде түрлі қойылымдар қойылып, отшашу ұйымдастырылады және бірнеше күнге созылатын дәстүрлі іс-шаралар өтеді.
Олимпиаданың ашылу салтанаты кезінде ауқымды спорт шарасы өтетін елдің тарихы мен дәстүрі таныстырылуы керек. Аспан асты еліндегі ұлттық мәдениеттің негізгі көрінісі – бұл дәстүрлі қытай операсы.
Ол сөз шешендігі мен ән салу шеберлігін, хореография, акробатика және жауынгерлік өнерді қамтитын театр өнерінің бір түрі болып саналады.
Қытай операсының барлық көрінісі көпғасырлық тарихты қамтып жатыр және ол Аспан асты елінің байырғы тұрғындарының дәтүрі мен тұрмыс-тіршілігін айшықтайды.
Қытай операсының сахна сыртынан түсірілген суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.
© AFP 2024 / Lillian SuwanrumphaДәстүрлі қытай операсы біздің заманымыздағы үшінші ғасырдан бастау алады.
1/10
© AFP 2024 / Lillian Suwanrumpha
Дәстүрлі қытай операсы біздің заманымыздағы үшінші ғасырдан бастау алады.
© AFP 2024 / Lillian SuwanrumphaҚытай операсы сөз шешендігі мен ән салу шеберлігін, хореография, акробатика және жауынгерлік өнерді қамтитын театр өнерінің бір түрі.
2/10
© AFP 2024 / Lillian Suwanrumpha
Қытай операсы сөз шешендігі мен ән салу шеберлігін, хореография, акробатика және жауынгерлік өнерді қамтитын театр өнерінің бір түрі.
© AFP 2024 / Lillian SuwanrumphaЗерттеушілердің мәліметі бойынша, қытай операсының 360-тан астам өңірлік түрі бар. Алайда Қытайда бес негізгі опера бар болса, соның бірі – Бейжің операсы.
3/10
© AFP 2024 / Lillian Suwanrumpha
Зерттеушілердің мәліметі бойынша, қытай операсының 360-тан астам өңірлік түрі бар. Алайда Қытайда бес негізгі опера бар болса, соның бірі – Бейжің операсы.
© AFP 2024 / Lillian SuwanrumphaҚытай операсында әртістердің гримі ерекше маңызға ие. Себебі, көрермен грим түсі арқылы кейіпкердің мінезін анықтай алады.
4/10
© AFP 2024 / Lillian Suwanrumpha
Қытай операсында әртістердің гримі ерекше маңызға ие. Себебі, көрермен грим түсі арқылы кейіпкердің мінезін анықтай алады.
© AFP 2024 / Lillian SuwanrumphaМысалы, беттің ақ түске боялуы кейіпкердің зұлым екенін білдіреді.
5/10
© AFP 2024 / Lillian Suwanrumpha
Мысалы, беттің ақ түске боялуы кейіпкердің зұлым екенін білдіреді.
© AFP 2024 / Lillian SuwanrumphaҚытай операсындағы әртістер рөлді мінсіз сомдап қана қоймай, ән айтып, би билей алуы және шайқаса білуі керек.
6/10
© AFP 2024 / Lillian Suwanrumpha
Қытай операсындағы әртістер рөлді мінсіз сомдап қана қоймай, ән айтып, би билей алуы және шайқаса білуі керек.
© AFP 2024 / Lillian SuwanrumphaЖасыл түс мінезі тұрақсыз кейіпкерді бейнелейді.
7/10
© AFP 2024 / Lillian Suwanrumpha
Жасыл түс мінезі тұрақсыз кейіпкерді бейнелейді.
© AFP 2024 / Lillian SuwanrumphaАл костюмі мен грим түсі қызыл болуы кейіпкердің шынайылығы мен адалдығын, ал алтын түс – кейіпкердің аңыздағы жаратылыс екенін білдіреді.
8/10
© AFP 2024 / Lillian Suwanrumpha
Ал костюмі мен грим түсі қызыл болуы кейіпкердің шынайылығы мен адалдығын, ал алтын түс – кейіпкердің аңыздағы жаратылыс екенін білдіреді.
© AFP 2024 / Lillian SuwanrumphaҚытай операсындағы қойылымдардың сюжеті мен костюмдері көне заманға жататынына қарамастан, бұл өнер түрі көрермен арасында жоғары сұранысқа ие.
9/10
© AFP 2024 / Lillian Suwanrumpha
Қытай операсындағы қойылымдардың сюжеті мен костюмдері көне заманға жататынына қарамастан, бұл өнер түрі көрермен арасында жоғары сұранысқа ие.
© AFP 2024 / Lillian SuwanrumphaҚытай операсы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының нысаны қатарына жатады.
10/10
© AFP 2024 / Lillian Suwanrumpha
Қытай операсы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының нысаны қатарына жатады.