Министрлік қаңтар оқиғасының тергеу барысын таныстырды
20:38 25.01.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023)
© AP Photo / Vladimir TretyakovПолицейская машина горит, когда ОМОН готовится остановить демонстрантов в центре Алматы, Казахстан, среда, 5 января 2022 г.
© AP Photo / Vladimir Tretyakov
Жазылу
Қылмыстық істің ең көп бөлігін ұрлық құрап отыр, деді тергеу департаментінің басшысы
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті басшысы Санжар Әділов қаңтар оқиғасының тергеу барысымен таныстырды.
Шабуылдар қай қалаларда жасалды және қандай ғимараттар зардап шекті
Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Атырау және Семей қалаларында 1 466 әртүрлі үй-жайларға шабуыл жасалды, оның ішінде 71 мемлекеттік мекеме, оның 12-і әкімшілік ғимарат пен 27 полиция объектілері (15 ғимарат, 12 модульдік пост) бар.
Ең көп зардап шеккен бизнес объектілері. Оларға зақым келтіріліп қана қоймады, сондай-ақ толықтай тоналды, Зардап шеккен бизнес объектілердің саны – 1 395.
Қанша көлік бүлініп, қару-жарақ дүкені тоналды
Одан өзге 700-ден астам автокөлік зақымдалып, жойылды, оның 500-ден астамы полицияның, қорғаныс және төтенше жағдай министрліктерінің жедел жәрдем және өзге органдардың қызметтік көліктері. Сондай-ақ 116-сы жеке адамдардың көлігі.
Наразылық барысында 7 аңшылық дүкеніне шабуыл жасалып, тоналды. Ол жерден 1 564 дана қару ұрланды.
Оқиғаға қатыстыларды кімдер тергеп жатыр
Мемлекет басшысы лаңкестік актілер себептерін және ұйымдастырушыларын анықтау бойынша тергеуді Бас прокуратураға тапсырды.
Осыған байланысты, аталған санаттағы және онымен байланысты барлық қылмыстық істер арнайы прокурорлар басшылық ететін ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының өндірісіне берілді.
Қалған қылмыстық істер бойынша тергеуді ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, экономикалық тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары жүргізуде.
Қылмыстың істің негізгі бөлігі - ұрлық
Осы қылмыстардың 70%-ін тәртіпсіздіктерден туындаған хаос кезінде Алматы қаласының сауда объектілеріне жасалған ұрлық туралы істер құрайды.
127 қылмыстық іс атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, тағы 30 іс оларды ұрлау фактісі бойынша тергелуде.
Сонымен қатар, 63 қылмыстық іс мүлікті қасақана бүлдіру және жою, 12 – автокөлікті айдап кету, 24 – қарақшылық және тонау, 23 – құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолдану және олардың өміріне қол сұғу фактісі бойынша тіркелді.
Ұрлық жасағаны үшін 274 адам уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Ұсталғандардың кінәсі ұрланған тауарлар мен қару түрінде алынған заттай айғақтармен, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбаларымен, әлеуметтік желілердегі роликтермен, күдіктілердің өздерінің ұялы телефондарынан табылған деректермен дәлелденеді.
Мысалы, 19 қаңтарда Алматы қаласында 18 жастағы тұрғын ұсталды, оның ұялы телефонынан азық-түлік дүкендерінің бірінде ұрлық жасаған бейнежазба, ұрланған заттар аясында "селфи" және ең сорақысы көшеде бір полиция қызметкерін топ болып қатыгез ұрып-соғуға қатысуы туралы айғақтар табылды.
Бұл бейнежазбалардың барлығын күдіктінің өзі жасаған. Ол уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Мұндай фактілер көп.
Қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы
Қазіргі уақытта өндірістегі қылмыстық істер бойынша арызданған залалдың жалпы сомасы 87 (сексен жеті) млрд теңгеден асты. Зардап шеккендердің арыздануы барысында бұл сома өсіп отырады.
Тергеу қалай жүргізіледі
Ішкі істер органдары тергеушілерінің қылмыстық істер бойынша барлық шешімдері заңнама талаптарымен қатаң сәйкестікте, атап айтқанда қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде қабылданады.
Күдіктіні ұстау, олардың іс-әрекеттерін саралау, сондай – ақ бұлтартпау шараларын таңдау сияқты барлық негізгі іс жүргізу шешімдері тек прокурормен келісіледі.
Одан өзге, тінту, алу, сараптама үшін үлгілерді алу, бас шарасын санкциялау сияқты іс жүргізу әрекеттері тергеу соттарының қаулысы негізінде жүргізіледі.
Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған барлық адамдар дене жарақаттарының болуына медициналық куәландыру жүргізілгеннен кейін ғана, уақытша ұстау абақтысына қамалады, себебі кейбіреулері тәртіпсіздік орнынан тікелей медициналық мекемелерге жеткізілен.
Бұдан басқа, ұсталған күдіктілердің адвокаттарға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, қажет болған жағдайда мемлекет қаражаты есебінен тегін қорғаушылар қызметі ұсынылады.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануы және билікті асыра қолдануы туралы әрбір шағымға прокуратура органдарымен қатар ішкі істер министрінің тапсырмасымен өзіндік қауіпсіздік бөліністері тексеру жүргізеді. Олардың байланыс деректері бірінші күннен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.
Сонымен қатар, арнайы мекемелердің медицина қызметкерлерінің ұсынымдары бойынша денсаулық жағдайына байланысты бірқатар күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын өзгерту мәселелері қарастырылуда.
Бүгінге осы негіздер бойынша және жеке басын ескере отырып, бірқатар күдіктілер күзеттен босатылды, оларға қатысты қоғамнан оқшаулауға байланысты емес бұлтартпау шаралары қолданылды.
Қанша қару табылды
Терроризмге қарсы операцияны жүргізу барысында ұрланған қарудың 515 бірлігі табылып, тәркіленді.
Оның ішінде 75-автомат, 133-пистолет, 2-пулемет; 47-ойық, 103-тегіс ұңғылы қарулар, 100–ден астам граната, 9 мың данадан астам оқ-дәрі.
Қаруды ұрлағаны үшін 98 адам ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды және олардың заңсыз сақтағаны үшін 61 адам ұсталды.
Қаруды ұрлағаны үшін 98 адам ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды және олардың заңсыз сақтағаны үшін 61 адам ұсталды.
Бүгінгі таңда 31 қару ерікті түрде тапсырылған.