Спорт

Бейжің-2022: Қазақстан құрамасына қанша ақша бөлінді

© Photo : Пресс-служба НОК КазахстанаФорма национальной олимпийской сборной Казахстана
Форма национальной олимпийской сборной Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2022
Жазылу
Жарыстар Яньцин, Чжанцзякоу және ел астанасы – Бейжің қаласында өтеді. Олимпиаданың ресми жабылуы 20 ақпанда болады
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасына бөлінген қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Негізі, Бейжің Олимпиадасына, шамамен, 250 миллон (теңге - Sputnik) жоспарланған. Бірақ одан аз болады. Нақты сомасы – 228 миллион, ол да қысқарады. Себебі ұйымдастырушылар делегациялардың құрамын азайтып жатыр", - деді Крюков орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Айта кетері, Бейжің қаласындағы XXIV Олимпиадасы 4 ақпанда басталады. Жарыстар Яньцин, Чжанцзякоу және ел астанасы – Бейжің қаласында өтеді. Олимпиаданың ресми жабылуы 20 ақпанда болады.
Қазақстан құрамасында спорттың 8 санаты бойынша 87 лицензия (биатлон, шаңғымен жарыс, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл (могул, акробатика), таушаңғысы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты) бар.
Ел намысын 34 атлет қорғайды.
Оқи отырыңыз: Бейжің – 2022: Қазақстан құрамасының формасы таныстырылды
Жаңалықтар
0