https://sputnik.kz/20220125/2021-jeltoqsan-jyly-ai-19210015.html
2021 жылдың желтоқсаны Қазақстанда соңғы 30 жылдағы ең жылы ай болды
2021 жылдың желтоқсаны Қазақстанда соңғы 30 жылдағы ең жылы ай болды
Sputnik Қазақстан
Былтыр желтоқсан айының басында Шымкентте қыс мезгілі үшін өте жылы температура – +25,7°С тіркелді 25.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-25T10:28+0500
2022-01-25T10:28+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
желтоқсан
2021 жыл
ай
https://sputnik.kz/img/07e6/01/16/19198859_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_336550db6f200f96513d9395bdde3927.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. 2021 жылдың желтоқсаны Қазақстанның барлық дерлік аумағында жылы болды. Елдің оңтүстік-батыс жартысында тіпті көктемге тән қолайлы температура байқалды, деп хабарлайды Қазгидромет.Синоптиктердің мәліметінше, мұндай ауа райына Иран мен Орта Азия аймағынан жылы ауа массаларының жиі ығысуы себеп болды."Айдың басында күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +6°С дейін, оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде +12 +25,7°С дейін көтерілді. 2 желтоқсанда Шымкент (Түркістан облысы) метеостанциясында +25,7°С тіркелді. Бұл рекордтық көрсеткіш болды, себебі соңғы рет ауаның ең жоғары температурасы 1987 жылы 24 желтоқсанда (+25,4°С) байқалды. Сондай-ақ Маңғыстау облысында да рекордтық көрсеткіш орын алды — 1 желтоқсан күні Аққұдық метеостанциясында ауа температурасы +22,6°С дейін көтерілді. Соңғы рет абсолюттік максимум 1981 жылы 16 желтоқсанда (+22,0°С) байқалған еді", - делінген Қазгидромет хабарламасында.Солтүстік және шығыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +2 +5°С дейін, елдің оңтүстік-шығысында +13°С дейін көтерілді. Алайда, бірінші онкүндік соңында және айдың үшінші онкүндігінде, негізінен, республиканың солтүстік жартысында суық антициклонның енуімен түнде және күндіз ауа температурасы айтарлықтай төмендеді: түнде -22 -32°С дейін, күндіз -17 -25°С дейін.Оқи отырыңыз: Жақын арада бірнеше мемлекет Жер бетінен жоғалып кетуі мүмкінОсылайша Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы нормадан 1-6°С жоғары, тек елдің шеткі шығысы мен оңтүстік-шығысында климаттық нормаға жақын болды.Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан 1,3-2,9 есе, кейбір облыстар мен жекелеген аудандарда нормадан 1,3-2,9 есе көп болды.Қазақстанның басым бөлігінде, көбінесе айдың екінші жартысында боран соғып, кейде қатты қар жауды. Мысалы, 22 желтоқсанда Құсмұрын метеостанциясында (Қостанай облысы) 23 мм (бір айдағы норма бойынша 19 мм), айдың соңында батыста 22 мм дейін жауын-шашын түсті. Ал елдің оңтүстік жартысында қар аралас жаңбыр жауды. Бірінші онкүндік соңында оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында 18 мм дейін, айдың ортасында Түркістан облысында 25 мм жауын-шашын түсті. Сондай-ақ тұман мен көктайғақ байқалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/16/19198859_206:0:1913:1280_1920x0_80_0_0_644210bfedbdf9e0a434a668a1f8f96b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
желтоқсан, 2021 жыл, ай
2021 жылдың желтоқсаны Қазақстанда соңғы 30 жылдағы ең жылы ай болды
10:28 25.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Былтыр желтоқсан айының басында Шымкентте қыс мезгілі үшін өте жылы температура – +25,7°С тіркелді
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. 2021 жылдың желтоқсаны Қазақстанның барлық дерлік аумағында жылы болды. Елдің оңтүстік-батыс жартысында тіпті көктемге тән қолайлы температура байқалды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің мәліметінше, мұндай ауа райына Иран мен Орта Азия аймағынан жылы ауа массаларының жиі ығысуы себеп болды.
"Айдың басында күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +6°С дейін, оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде +12 +25,7°С дейін көтерілді. 2 желтоқсанда Шымкент (Түркістан облысы) метеостанциясында +25,7°С тіркелді. Бұл рекордтық көрсеткіш болды, себебі соңғы рет ауаның ең жоғары температурасы 1987 жылы 24 желтоқсанда (+25,4°С) байқалды. Сондай-ақ Маңғыстау облысында да рекордтық көрсеткіш орын алды — 1 желтоқсан күні Аққұдық метеостанциясында ауа температурасы +22,6°С дейін көтерілді. Соңғы рет абсолюттік максимум 1981 жылы 16 желтоқсанда (+22,0°С) байқалған еді", - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Солтүстік және шығыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +2 +5°С дейін, елдің оңтүстік-шығысында +13°С дейін көтерілді. Алайда, бірінші онкүндік соңында және айдың үшінші онкүндігінде, негізінен, республиканың солтүстік жартысында суық антициклонның енуімен түнде және күндіз ауа температурасы айтарлықтай төмендеді: түнде -22 -32°С дейін, күндіз -17 -25°С дейін.
Осылайша Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы нормадан 1-6°С жоғары, тек елдің шеткі шығысы мен оңтүстік-шығысында климаттық нормаға жақын болды.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан 1,3-2,9 есе, кейбір облыстар мен жекелеген аудандарда нормадан 1,3-2,9 есе көп болды.
Қазақстанның басым бөлігінде, көбінесе айдың екінші жартысында боран соғып, кейде қатты қар жауды. Мысалы, 22 желтоқсанда Құсмұрын метеостанциясында (Қостанай облысы) 23 мм (бір айдағы норма бойынша 19 мм), айдың соңында батыста 22 мм дейін жауын-шашын түсті. Ал елдің оңтүстік жартысында қар аралас жаңбыр жауды. Бірінші онкүндік соңында оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында 18 мм дейін, айдың ортасында Түркістан облысында 25 мм жауын-шашын түсті. Сондай-ақ тұман мен көктайғақ байқалды.