https://sputnik.kz/20220124/ulttyq-bank-bazalyq-stavka-19204774.html
Ұлттық банк базалық ставканы көтерді
Ұлттық банк базалық ставканы көтерді
Sputnik Қазақстан
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25%-ке дейін көтерді. Шешім қабылдау кезінде инфляцияны осы жылдың соңына қарай 4-6%-ке дейін төмендету қажеттілігі... 24.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-24T14:31+0500
2022-01-24T14:31+0500
2023-08-09T12:35+0500
экономика
базалық мөлшерлеме
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_0:317:3073:2047_1920x0_80_0_0_e97f1aaf6e8acd0bceecd948d66661d1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 10,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,25%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 9,25% болады.Қазақстанда базалық ставка 25 қазанда жылдық 9,5%-тен 9,75%-ке дейін көтерілді.Базалық ставка деген неҰлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады. Яғни Ұлттық банк коммерциялық банктерге несиені дәл осы базалық ставкамен береді, депозитке де осы мөлшерлемемен қабылдайды.Оқи отырыңыз: Кредиті бар адамдар базалық ставка туралы нені білуге тиісБанктер клиенттерге қарыз беру үшін ақшаны орталық банктен алатындықтан, олар өз пайыздық мөлшерлемесін базалық ставканы ескере отырып есептейді. Базалық ставкаға өз маржасы мен тәуекелдерін қосады. Сол себепті базалық ставка жоғарыласа, коммерциялық банктердің несиесі де қымбаттай түседі.Базалық ставканың тағы бір міндеті – инфляцияны барынша тежеп, оның өсуіне жол бермеу.Әдетте Ұлттық банк инфляцияны ұстап тұру үшін базалық ставканы көтереді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_144:0:2873:2047_1920x0_80_0_0_b3b7231ea89e0d4192fb4352fc0ff4a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
базалық мөлшерлеме, ұлттық банк
базалық мөлшерлеме, ұлттық банк
Ұлттық банк базалық ставканы көтерді
14:31 24.01.2022 (жаңартылды: 12:35 09.08.2023) Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25%-ке дейін көтерді. Шешім қабылдау кезінде инфляцияны осы жылдың соңына қарай 4-6%-ке дейін төмендету қажеттілігі ескерілген
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 10,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,25%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 9,25% болады.
"Шешім инфляциялық болжамдарды төмендету және инфляцияның 2022 жылдың соңына қарай белгіленген 4-6% нысаналы дәлізге кіру қажеттілігі ескеріле отырып қабылданды", - деп түсіндірді Ұлттық банк.
Қазақстанда базалық ставка 25 қазанда жылдық 9,5%-тен 9,75%-ке дейін көтерілді.
Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады. Яғни Ұлттық банк коммерциялық банктерге несиені дәл осы базалық ставкамен береді, депозитке де осы мөлшерлемемен қабылдайды.
Банктер клиенттерге қарыз беру үшін ақшаны орталық банктен алатындықтан, олар өз пайыздық мөлшерлемесін базалық ставканы ескере отырып есептейді. Базалық ставкаға өз маржасы мен тәуекелдерін қосады. Сол себепті базалық ставка жоғарыласа, коммерциялық банктердің несиесі де қымбаттай түседі.
Базалық ставканың тағы бір міндеті – инфляцияны барынша тежеп, оның өсуіне жол бермеу.
Әдетте Ұлттық банк инфляцияны ұстап тұру үшін базалық ставканы көтереді.