https://sputnik.kz/20220124/studentter-magistranttar-stipendiya-19205091.html
Қазақстандық студенттер мен магистранттардың стипендиясы тағы да өседі
Қазақстандық студенттер мен магистранттардың стипендиясы тағы да өседі
Sputnik Қазақстан
Педагогика мамандықтары бойынша білім алатын студенттердің шәкіртақысы 58 мың теңгеден асады 24.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-24T14:53+0500
2022-01-24T14:53+0500
2023-08-09T16:12+0500
білім
студенттер
магистратура
мемлекеттік стипендия
https://sputnik.kz/img/1060/82/10608268_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_b32d8bc967ed84e6ec4510179887f916.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы 20%-ке, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ке өседі.Бұл шара президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асады, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі."Осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің стипендиясы тағы да 20%-ке өседі. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды", - деді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.Ал магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың стипендиясы 195 000 теңгеге дейін өседі.Еске салсақ, студенттер мен магистранттардың стипендиясы былтыр қыркүйекте көтерілген болатын. Осылайша қазір студенттер 31 423 теңге, магистранттар 76 950 теңге, ал докторанттар 172 500 теңге алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1060/82/10608268_228:0:2048:1365_1920x0_80_0_0_9858287e657d225f944924bf21f26039.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студенттер, магистратура, мемлекеттік стипендия
студенттер, магистратура, мемлекеттік стипендия
Қазақстандық студенттер мен магистранттардың стипендиясы тағы да өседі
14:53 24.01.2022 (жаңартылды: 16:12 09.08.2023) Педагогика мамандықтары бойынша білім алатын студенттердің шәкіртақысы 58 мың теңгеден асады
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы 20%-ке, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ке өседі.
Бұл шара президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асады, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
"Осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің стипендиясы тағы да 20%-ке өседі. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды", - деді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Ал магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың стипендиясы 195 000 теңгеге дейін өседі.
Еске салсақ, студенттер мен магистранттардың стипендиясы былтыр қыркүйекте көтерілген болатын. Осылайша қазір студенттер 31 423 теңге, магистранттар 76 950 теңге, ал докторанттар 172 500 теңге алады.