Қоғам

Ақтөбеде қамаудан қашып кеткен аса қауіпті қылмыскер ұсталды

© Photo : Pixabay / 4711018Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2022
Жазылу
49 жастағы Мұрат Айтқалиев адам зорлауға және өлтіруге оқталу әрекеті үшін қамауға алынған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Ақтөбеде олицейлер аса ауыр қылмыс үшін айыпталған ер адамды ұстады. Күні кеше ол қамаудан қашып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ВОЛОНТЕР ! 🔞 (@rozysk_kz)

49 жастағы Мұрат Айтқалиев адам зорлауға және өлтіруге оқталу әрекеті үшін қамауға алынған болатын. Артынан медициналық көмек көрсету үшін тергеу изоляторынан ауруханаға жеткізген.
Ал 23 қаңтар күні таңғы уақытта Айтқалиев жедел жәрдем ауруханасынан дәрі тамызып жатқан жерінен қашып кеткен.
Денесінде пышақ жарақаттары да болды.
Қашқынды ұстау үшін арнайы топ құрылды. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 426-бабы (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу) бойынша іс қозғалды. Осы әрекеті үшін қосымша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде аса қауіпті қылмыскер қамаудан қашып кетті
 
Жаңалықтар
0