Өңірлер

Түркістандық дәрігерлер жүкті әйелдің ішінен бір уыс құрт алып шықты

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2022
Жазылу
Ота жасалған жүкті әйел қазір облыстық клиникалық ауруханада ем алып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Түркістандық дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс құрт алып шықты, деп хабарлайды otyrar.kz
Науқастың бойындағы паразитті алып шығу үшін дәрігерлер екі ота жасаған.
Жүктіліктің 37 аптасында 19 жастағы Арайдың оң жақ қабырғасы қатты ауырып, медицина мамандарының көмегіне жүгінген. Тексеру кезінде дәрігерлер жүкті келіншектің бауырынан 15 см және 10 см болатын эхинококк кистасын анықтаған.
Бауырына құрт түсіп жағдайы ауырлаған әйел мен оның баласын аман алып қалу үшін дәрігерлер алдымен кесарь тілігімен ота жасап босандырған. Кейін хирургиялық жолмен науқастың ішінен екі үлкен құртты алып шықты.
"Ана мен баланың қазіргі жағдайы жақсы. Науқас хирургия бөлімінде ем алуда. Отадан кейін асқынулар болмады", - дейді Түркістан облыстық клиникалық аурухана бас дәрігердің хирургиялық қызмет жөніндегі орынбасары Мақсұт Аймағамбетов.
Айта кетейік, бір мезетте екі ота жасалған науқас қазір облыстық клиникалық ауруханада ем алуда. Сәбиінің де жағдайы жақсы, дейді мамандар.
Нәресте, анасы толық емделгенше перинатальды орталықтағы дәрігерлердің бақылауына болады.
Жаңалықтар
0