Әлем

Пандемия биыл аяқталуы мүмкін – дәрігер

CC0 / valelopardo / Медик, врач
Медик, врач - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2022
Жазылу
 Дәрігер "омикрон" штамын жұқтырғандардың өсу қарқынына емес, ауруды бастапқы кезеңде саралауға баса назар аудару маңызды екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін. Ресейлік дәрігер-иммунолог, аса қауіпті инфекцияларды зерттеп жүрген ғалым Владислав Жемчугов осындай болжам жасады, деп хабарлады РИА Новости.
Дәрігер "омикрон" штамы туралы айта келе, вирусты жұқтырғандардың өсу қарқынына емес, ауруды бастапқы кезеңде саралауға баса назар аудару маңызды екенін атап өтті. Сонда ауруханаларға көп салмақ салмай, жеңіл ауырған науқастарды үйде емдеп отыруға болады.
"Ресейде "омикронмен" байланысты коронавирустың жаңа толқыны қай кезде аяқталатынын болжау қиын. Себебі ел ішінде көлік байланысының өзіндік ерекшелігі бар. Барлығы Мәскеу арқылы өтеді. Ал болжам жасау үшін елдің коммуникативті картасын білу керек", - дейді Жемчугов.
Оның сөзіне қарағанда,  "омикронның" негізгі "міндеті" – ғаламшарға кеңінен таралу. Алайда өлім-жітім аз болады. Ең соңында вирус жаңа иесін "табады". Өйткені адамзатта оны тежейтін ұжымдық иммунитет қалыптасты.
"Біз әлемдік ауқымды ескеруіміз керек. Меніңше, коронавирус пандемиясы әлемдік ауқымда осы жылы аяқталады", - деп атап өтті иммунолог.
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сәйкес, "омикрон" штамы Еуропадағы пандемияның аяқталуына септігін тигізеді. Аймақтық бюроның директоры Ханс Клюгенің айтуынша, "омикрон" штамы басылғаннан кейін біршама уақыт жаһандық иммунитет сақталады.
"Еуропа аймағы пандемияның аяқталу кезеңіне жақындап жатқан секілді. Біз жыл соңына дейін жағдай тынышталады деп күтіп отырмыз. Сол кезде COVID-19 қайта келуі мүмкін. Бірақ бұл пандемия қайта басталады деген сөз емес", - дейді Клюге.
Оқи отырыңыз: Депутаттар мектептерді карантинге жабуға қарсы шықты 
Жаңалықтар
0