https://sputnik.kz/20220124/Batys-Qazaqstan-lotereya-19204435.html
Батыс Қазақстанда лотереядан көлік ұтқан әскери қызметкер жұрттың алғысына бөленді
Батыс Қазақстанда лотереядан көлік ұтқан әскери қызметкер жұрттың алғысына бөленді
Sputnik Қазақстан
Нұрлыбек көлік ұтып алғанын естіген бойда лотерея әкімшілігіне хабарласып, ұтысты ақшалай беруді сұраған 24.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-24T13:58+0500
2022-01-24T13:58+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
лотерея
автокөлік
https://sputnik.kz/img/981/47/9814735_0:0:1925:1082_1920x0_80_0_0_1c0f0566ccd2450cb6fc571a775e68ad.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Автолотереяның жеңімпазы Нұрлыбек Иманбаев ұтысты қайырымдылыққа беруге шешім қабылдады.Лотереяны ұйымдастырушы компания таратқан мәліметке сәйкес, Нұрлыбек Иманбаев Батыс Қазақстандағы гарнизонда әскери қызмет атқарады. Ол 2018 жылы шығарылған Hyunday Accent маркалы көлікті ұтып алған. Бағасы – 7 миллион 519 мың теңге.Лотереяның өзі 2021 жылы 30 желтоқсанда ойнатылған. Нұрлыбек көлік ұтып алғанын естіген бойда лотерея әкімшілігіне хабарласып, ұтысты ақшалай беруді сұрапты. Өйткені оны қайырымдылыққа беруге шешім қабылдаған.Нұрлыбек ұтыстың бір бөлігін Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан шекара училищесінің екі курсанты – Дәулет Жұпарбеков мен Мейірхан Бітімнің отбасына жібермекші. Тағы бір бөлігін "Харекет" қайырымдылық қорына аударамын дейді. Бұл ұйым жағдайы төмен отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешумен айналысады. Ал ұтыстың үшінші бөлігін эпилепсиямен ауыратын оралдық бес жасар қызға жібермекші. Оған қымбат ота жасау қажет.Автолотерея әкімшілігі Нұрлыбек Иманбаевтың бастамасын қолдады. Жақын арада ол Алматыға келіп, барлық құжатқа қол қояды. Жол шығындарын лотерея ұйымдастырушысы өтеп береді.Оқи отырыңыз: Семей тұрғыны көлік "ұтып" алғанына өкініп қалды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/981/47/9814735_233:0:1676:1082_1920x0_80_0_0_e61d1ac8fbd8be5ea0fb3c481017e2c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
лотерея, автокөлік
Батыс Қазақстанда лотереядан көлік ұтқан әскери қызметкер жұрттың алғысына бөленді
13:58 24.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Нұрлыбек көлік ұтып алғанын естіген бойда лотерея әкімшілігіне хабарласып, ұтысты ақшалай беруді сұраған
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Автолотереяның жеңімпазы Нұрлыбек Иманбаев ұтысты қайырымдылыққа беруге шешім қабылдады.
Лотереяны ұйымдастырушы компания таратқан мәліметке сәйкес, Нұрлыбек Иманбаев Батыс Қазақстандағы гарнизонда әскери қызмет атқарады. Ол 2018 жылы шығарылған Hyunday Accent маркалы көлікті ұтып алған. Бағасы – 7 миллион 519 мың теңге.
Лотереяның өзі 2021 жылы 30 желтоқсанда ойнатылған. Нұрлыбек көлік ұтып алғанын естіген бойда лотерея әкімшілігіне хабарласып, ұтысты ақшалай беруді сұрапты. Өйткені оны қайырымдылыққа беруге шешім қабылдаған.
Нұрлыбек ұтыстың бір бөлігін Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан шекара училищесінің екі курсанты – Дәулет Жұпарбеков мен Мейірхан Бітімнің отбасына жібермекші. Тағы бір бөлігін "Харекет" қайырымдылық қорына аударамын дейді. Бұл ұйым жағдайы төмен отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешумен айналысады.
Ал ұтыстың үшінші бөлігін эпилепсиямен ауыратын оралдық бес жасар қызға жібермекші. Оған қымбат ота жасау қажет.
Автолотерея әкімшілігі Нұрлыбек Иманбаевтың бастамасын қолдады. Жақын арада ол Алматыға келіп, барлық құжатқа қол қояды. Жол шығындарын лотерея ұйымдастырушысы өтеп береді.