Елорда тынысы

"Жемқорлық иісі мүңкіп тұрған" LRT-ның болашағы не болады – сарапшылар болжамы

© Sputnik / Владислав ВодневОпоры проекта Астана LRT
Опоры проекта Астана LRT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2022
Жазылу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев астанадағы LRT-ның тиімсіз бастама екенін айтты. Соңғы мәлімдемесінде оны "жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба" деп атады
НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы елордадағы LRT мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды. Үкімет отандық сәулетшілермен және урбанистермен ақылдасуы керек. Бүгінде әлеуметтік желіде LRT-ны пайдалануға қатысты сан алуын идеялар тарала бастады. Ал кейбір құрылысшылар шошайып тұрған бағаналарды тегін бұзып беруге дайын екенін мәлімдеді. Sputnik Қазақстан тілшісі кәсіби мамандарға хабарласып, "жемқорлық ескерткіштерін" тиімді жобаға айналдыру жолдарын сұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

Сәулетшілер не дейді

Тәжірибелі сәулетші Аманжол Чиканевтың айтуынша, LRT-ны бәрібір аяқтау керек. Қала халқының өсуімен осы көлік түріне деген сұраныс артады.
"Меніңше, дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ. Осы уақытқа дейін LRT-ға қыруар қаржы салынды. Енді, оны бұзсақ, я болмаса, өзгертіп, басқа бірдеңе істесек, ақшаны желге шашамыз. Бүгінде қала халқының саны бір миллион адамнан асты. Ал қала құрылысы нормативтеріне сәйкес, халықтың саны бір миллионнан асқан жерде қосымша көлік желілері салынуы шарт. Оның негізгі мақсаты - кептелісті барынша азайту. Сондықтан бізге бәрібір жеңіл рельсті көлік жүйесі немесе метро керек болады", - деді Чиканаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Қазірдің өзінде сол жағалауда кептелістер көбейді. Ал адам саны екі миллионға жеткенде жолаушы тасымалдау қызметіне үлкен салмақ түседі.
"LRT-ны қазір бұзып тастасақ, 5-10 жылдан кейін тағы саламыз ба? Сондықтан қазір байбалам салудың қажеті жоқ. Бұзып тастасақ, ертең тағы бәрі бізге күледі", - деп атап көрсетті сәулетші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

Кім кінәлі

"Шыны керек, бас кезінде қателік жасалды. Мұнайдан түскен ақшамыз көп болып тұрғанда ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге мүмкіндік алдық. Сол кезде Қазақстанға бір уақытта 5 миллион адамға дейін қонақ келеді деген болжам болды. Сөйтіп, LRT-ны қолға алды. Артынан онша көп адам келмейтіні белгілі болғаннан кейін құрылыс жұмыстары баяулап кетті. Ал жемқорлық осы жобаны тығырыққа тіреп тастады", - деп еске алды Чиканаев.
Оның ойынша, LRT-ны біртіндеп салып шығуға болады. Дәл қазір бәрін іске қосудың қажеті жоқ.
"Алдымен қаланың сол жағалауынан жаңа теміржол вокзалына дейінгі аралықты жасау қажет. Оған сұраныс болады. Ал тағы ақша табылғасын ескі вокзалды ортақ желіге қосу мәселесін қарастыру қажет. Әуежайға дейінгі тармағын, амал жоқ, аяқтауға тура келеді. Бірақ станциялардың санын қысқартуға болады. Меніңше, 15-20 жылдан кейін қала халқының саны 2 миллионға жетеді. Сол кезде LRT-мен жүретіндер көп болады. Қазір асықпайық, ақша жинайық. Бес жылдан кейін бір тармақты, одан кейін қалғанын да бітіруге болады", - дейді сәулетші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

LRT бойында адам тартатын орын көп болса...

Урбанист Асхат Сәдуовтың айтуынша, LRT-ны әу баста ауыр жоба ретінде жоспарлап қойған. Қазіргі үлгісі метроға жақын: жердің үстімен салынған. Ал LRT әдетте жермен жүреді және басқа көлік қатынасымен де қиылысып жатады. Оның құрылысы да ауыр емес. Енді, метро үлгісінде салынған жобаны тиімді пайдалану мәселесі туындап отыр.
"Бұл жерде станцияларға басымдық берген жөн. Әрбір станцияда адам тартатын орындар жасау керек. Сосын олар бір-біріне ұқсамауға тиіс. Әрбіреуінің өзіндік қызметтері және тағысын тағы болса, адамдар көп келеді, көлік желісін жиі пайдаланады. Былайша айтқанда, бұл көлік тармағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының драйверіне айналуы шарт", - деді Сәдуов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Жергілікті билік модератор қызметін атқарса, кәсіпкерлер ақша салып, LRT-ның әрбір станциясын жандыра алады.
"LRT-ны аяқтаған бір бөлек, артынан оны кешенді әрі қызықты жобаға айналдыру қажет", - деп атап көрсетті урбанист.
Жаңалықтар
0