Қоғам

Тәртіпсіздіктерден кейін терроризм актісі бойынша 45 іс тергеліп жатыр

© Sputnik / Эдуард ГалеевПулевые отверстия в окнах после погромов в Алматы
Пулевые отверстия в окнах после погромов в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
 Терроризм және тәртіпсіздікке байланысты істер бойынша төрт жүз алпыстан астам күдікті бар
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар - Sputnik. Қазақстан билігі терроризм актілері бойынша 45, адам өлтіруге қатысты 15 қылмыстық іс тергеп жатыр, деп хабарлады Бас прокуратураның бірінші қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.
"Жедел тергеу топтары 819 қылмыстық істі тергеуде. Оның ішінде терроризм актілері бойынша - 45, жаппай тәртіпсіздік бойынша - 36 және кісі өлтіру бойынша-15", - деді Қилымжанов сенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ тонау, ұрлық, қаруды ұрлау, құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты күш қолдану және басқа да фактілер бойынша қылмыстық істер тергеледі. Осы істер бойынша 970 күдікті ұсталды. Оның 782-сі сот санкциясымен қамауға алынды, тағы 29-ы үйқамақта.
Ұсталғандардың дені терроризм және жаппай тәртіпсіздік бойынша істер бойынша жауапқа тартылады - 464 адам.
Сондай-ақ, 226 адам ұрлық, 60 адам қаруды заңсыз алып жүргені және сақтағаны үшін, 39 адам қаруды ұрлағаны үшін, 25 адам бұзақылық, 21 адам тонау фактісі бойынша ұсталды. 
"Бір қылмыстық іс аясында бірнеше қатысушы ұсталуы мүмкін екенін түсіндіргім келеді. Сонымен қатар, бұл деректер түпкілікті емес екенін ескеру қажет", - деп қосты Қилымжанов.
Жаңалықтар
0