Әлем

Арнольд Шварцнеггер жол апатына ұшырады

© AFP 2024 / Eric Feferberg Арнольд Шварценеггер
Арнольд Шварценеггер - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2022
Жазылу
Жол апатына тап болған екінші жүргізуші басынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Америка актері әрі саясаткер Арнольд Шварцнеггер жол апатына ұшырады – оның жол талғамайтын көлігі басқа автокөлікпен соқтығысты.
"Арнольд Yukon көлігін жүргізіп келе жатып, қызыл Prius автокөлігімен соқтығысқан... Оның жол талғамайтын көлігі аударылып, Toyota Prius көлігінің төбесіне шығып кетті", - деп хабарлады РИА Новости TMZ-ге сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, соққының қатты болғаны сонша, Yukon-дағы қауіпсіздік жастықтары ашылған. Prius көлігінің жүргізушісі басынан жарақат алды, әйел ауруханаға жеткізілді.
Шварцнеггердің өзі зардап шеккен жоқ.
CBS телеарнасының жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлауынша, актер бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Шварцнеггердің мас болғаны немесе есірткі шегіп алғаны туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0