Денсаулық

Алматыда "Спутник Лайт" вакцинасын 22 қаңтардан бастап салдыруға болады

© Photo : Официальный интернет-ресурс акимата города Нур-СултанПартия вакцины "Спутник Лайт" прибыла в столицу
Партия вакцины Спутник Лайт прибыла в столицу - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2022
Жазылу
Алматыға ресейлік бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасының 12 мың дозасы жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Алматыда 22 қаңтардан бастап коронавирусқа қарсы ревакцинация үшін ресейлік "Спутник Лайт" вакцинасын да салдыруға болады, деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Алматылықтарды ревакцинациялау үшін аталған препараттың 12 мың дозасы бөлінді. Вакцина қаладағы барлық емханада қолжетімді.
Вакцина ревакцинацияға арналған. Сондай-ақ Алматыда QazVac (Қазақстанда шығарылған), VeroCell (Қытай), Pfizer (тек 60 жастан асқан азаматтар мен медицина қызметкерлері үшін) бустерлі вакциналарын алуға болады.
Ревакцинация вакциналаудың толық курсынан кейін 6 айдан соң жасалады. "Спутник Лайт" – векторлы вакцина, оның құрамы "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентіне ұқсас. Вакцинаны сақтау режимі минус 18 градустан басталады.
Еске сала кетейік, таяуда Қазақстанға ресейлік "Спутник V" вакцинасының 150 000 дозасы әкелінген болатын.
Оқи отырыңыз: Коронавирустың жаңа штамдары шыға ма – ДДСҰ мәлімдемесі 
Жаңалықтар
0