Экономика

Тоқаев "Самұрық-Қазынадағы" олқылықтарды жоюға бір ай уақыт берді

© Sputnik / Владислав ВодневДеньги, тенге, компьютер клавиатура
Деньги, тенге, компьютер клавиатура  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2022
Жазылу
Қордың жұмысы ашық жүргізілмейді, тиімділігі де күмән туғызады. Құрылымы тым үлкен, ал саяси маңызы бар қызметке тағайындау кезінде ашықтық қағидаты сақталмайды, деді президент
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық әл-ауқат қоры ретінде ашылған "Самұрық-Қазына" холдингін жауып тастауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысының айтуынша, қордың жұмысы ашық жүргізілмейді, тиімділігі де күмән туғызады. Құрылымы тым үлкен, ал саяси маңызы бар қызметке тағайындау кезінде ашықтық қағидаты сақталмайды.
"Сатып алулар жүйесі тиімсіз. Еңбек жанжалдары басылмайды, шығындары көп. Ауқымды жобалар аяғына дейін жеткізілмейді. Қорға тым көп ақша кетеді. Бұның бәрі қоғамның ашуына тиеді. Осы уақытқа дейін нақты мұнай-химия саласын жасай алмағанымыз да жасырын емес. Біз сонау кеңестік заманда салынған зауыттарды жөндеп отырамыз", - деді Тоқаев кәсіпкерлермен өткен кездесуде.
Осы орайда мемлекет басшысы көрші Өзбекстанды мысалға келтірді. Ол жақта бірнеше зауытты салып шыққан.
"Ал біздің қорымызда директорлар кеңесі мен тәуелсіз директорлардың рөлі көп жағдайда қағаз жүзінде болады. Қорға түбегейлі реформа жасауды тапсырамын. Ол жайында Сатқалиевпен де ("Самұрық-Қазына" қорының басшысы - Sputnik) сөйлестік. Реформалау міндетін орындай алмаса, кетеді, онымен бірге қор да ғайып болады", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Президент кездесуге қатысқан жеке меншік компаниялар мен кәсіпкерлердің тәжірибесін қорды реформалау кезінде пайдалану керектігін жеткізді.
Айта кетері, бүгінгі шарада мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" қорындағы олқылықтар бір айдың ішінде шешілмесе, қатаң шара қолданатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0