https://sputnik.kz/20220121/qazaqstan-khalqy-qor-19190196.html
"Қазақстан халқына" қоры қызметкерлерді ақша аударуға мәжбүрлеуге қарсы
"Қазақстан халқына" қоры қызметкерлерді ақша аударуға мәжбүрлеуге қарсы
Sputnik Қазақстан
Қор мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерін біркүндік жалақысын аударуға мәжбүрлеуге қарсы екенін білдірді 21.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-21T10:58+0500
2022-01-21T10:58+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшелері 20 қаңтарда өткен алғашқы отырысында ең алдымен, мемлекеттік қызметшілерді, бюджеттік сала қызметкерлерін біркүндік жалақысын аударуға мәжбүрлеу жағдайларына қатысты пікірін білдірді. Олар бұл тәжірибеге үзілді-кесілді қарсы екенін жеткізді."Біз барша қазақстандыққа үндеу жасаймыз және "Қазақстан халқына" қоры жеке және заңды тұлғалардың тек ерікті қайырымдылығынан құрылатынына тағы да назар аударамыз. Біз қорға өз үлесін қосқан қазақстандықтар мен ұйымдарға алғыс айтамыз және өз тарапымыздан көмек мұқтаж адамдарға жететініне кепілдік береміз", - деді Қамқоршылық кеңесінің мүшелері.Сондай-ақ отырыста қайырымдылық ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен және қайырымдылық көмекке тартылған басқа да ұйымдармен ынтымақтастық форматы талқыланды. Жиын қатысушылары өзара іс-қимылдың негізгі құралы қордың электронды порталы болғаны дұрыс деген тұжырымға келді.Оқи отырыңыз: Жәмішев "Қазақстан халқына" қоры кімдерге көмек көрсететінін айттыЕске салсақ, 16-19 қаңтар аралығында қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29,3 миллион теңге түсті. 75 заңды тұлға мен ірі кәсіпкерлер 19,2 миллиард теңге аударды."Қазақстан халқына" қоры жаппай тәртіпсіздіктерден кейін президенттің тапсырмасымен құрылған болатын. Ол денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау салаларындағы проблемаларды шешумен айналысады. Мысалы, сирек ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетеді.Қорды бұрынғы қаржы министрі және "Қазақстан даму банкінің" экс-басшысы Болат Жәмішев басқарады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
"Қазақстан халқына" қоры қызметкерлерді ақша аударуға мәжбүрлеуге қарсы
10:58 21.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қор мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерін біркүндік жалақысын аударуға мәжбүрлеуге қарсы екенін білдірді
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшелері 20 қаңтарда өткен алғашқы отырысында ең алдымен, мемлекеттік қызметшілерді, бюджеттік сала қызметкерлерін біркүндік жалақысын аударуға мәжбүрлеу жағдайларына қатысты пікірін білдірді. Олар бұл тәжірибеге үзілді-кесілді қарсы екенін жеткізді.
"Біз барша қазақстандыққа үндеу жасаймыз және "Қазақстан халқына" қоры жеке және заңды тұлғалардың тек ерікті қайырымдылығынан құрылатынына тағы да назар аударамыз. Біз қорға өз үлесін қосқан қазақстандықтар мен ұйымдарға алғыс айтамыз және өз тарапымыздан көмек мұқтаж адамдарға жететініне кепілдік береміз", - деді Қамқоршылық кеңесінің мүшелері.
Сондай-ақ отырыста қайырымдылық ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен және қайырымдылық көмекке тартылған басқа да ұйымдармен ынтымақтастық форматы талқыланды. Жиын қатысушылары өзара іс-қимылдың негізгі құралы қордың электронды порталы болғаны дұрыс деген тұжырымға келді.
Еске салсақ, 16-19 қаңтар аралығында қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29,3 миллион теңге түсті. 75 заңды тұлға мен ірі кәсіпкерлер 19,2 миллиард теңге аударды.
"Қазақстан халқына" қоры жаппай тәртіпсіздіктерден кейін президенттің тапсырмасымен құрылған болатын. Ол денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау салаларындағы проблемаларды шешумен айналысады. Мысалы, сирек ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетеді.
Қорды бұрынғы қаржы министрі және "Қазақстан даму банкінің" экс-басшысы Болат Жәмішев басқарады.