https://sputnik.kz/20220121/qantar-inkassatorlar-polisia-19195596.html
Қаңтар оқиғалары кезінде 4,5 мың полицей инкассаторлар қауіпсіздігін қамтамасыз етті
Қаңтар оқиғалары кезінде 4,5 мың полицей инкассаторлар қауіпсіздігін қамтамасыз етті
Sputnik Қазақстан
Қаңтардың қайғылы оқиғаларында интернет пен ұялы байланыс шектеліп, мобильді және электрондық төлемдерді жүзеге асыру мүмкін болмай қалған еді. Сол кезде... 21.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-21T20:52+0500
2022-01-21T20:52+0500
2022-05-23T15:29+0500
қаңтар оқиғасы
полиция
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19108953_0:341:1010:909_1920x0_80_0_0_9b90dcb16e78cbc1b8bb456e614b79e7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. 4,5 мың полицей қаңтар оқиғалары кезінде инкассаторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, деп хабарлайды Polisia.kz.Қаңтардың қайғылы оқиғаларында интернет пен ұялы байланыс шектеліп, мобильді және электрондық төлемдерді жүзеге асыру мүмкін болмай қалған еді. Сол кезде халыққа қолма-қол ақша қажет болды. Инкассаторлар 3,5 мың банк бөлімшесіне, 6 мыңнан астам жанармай құю бекетіне, 17,5 мың бизнеске барған.Олар ақша тиелген көліктердің қарулы күзетін және режимдік аймақтарға өтуін, сондай-ақ блок бекеттер арқылы жүріп-тұруын қамтамасыз еткен. Бұл үшін төтенше жағдай кезінде мыңнан астам автоэкипаж бен 4,5 мың қарулы полиция жасағы бөлінген. “Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы “Halyk Инкассация” ЖШС басшылығы дағдарыс жағдайында әлеуметтік тапсырманы орындау кезінде батылдық пен ерлік көрсеткен әрбір инкассаторды, әрбір полицей мен әскери қызметшілерді мақтан тұтып, ішкі істер министрлігіне көмегі үшін алғыс білдірді", - делінген хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19108953_0:246:1010:1004_1920x0_80_0_0_afd87ac314f8d0a9cb103980191208cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция
Қаңтар оқиғалары кезінде 4,5 мың полицей инкассаторлар қауіпсіздігін қамтамасыз етті
20:52 21.01.2022 (жаңартылды: 15:29 23.05.2022) Қаңтардың қайғылы оқиғаларында интернет пен ұялы байланыс шектеліп, мобильді және электрондық төлемдерді жүзеге асыру мүмкін болмай қалған еді. Сол кезде халыққа қолма-қол ақша қажет болды
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. 4,5 мың полицей қаңтар оқиғалары кезінде инкассаторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Қаңтардың қайғылы оқиғаларында интернет пен ұялы байланыс шектеліп, мобильді және электрондық төлемдерді жүзеге асыру мүмкін болмай қалған еді. Сол кезде халыққа қолма-қол ақша қажет болды. Инкассаторлар 3,5 мың банк бөлімшесіне, 6 мыңнан астам жанармай құю бекетіне, 17,5 мың бизнеске барған.
"Халықты ақшамен, азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз ететін 13 мыңға жуық банкоматқа ақша салынды. Бүліктер және тонау, жаппай тәртіпсіздіктер мен террористік актілер жағдайында бұл маңызды міндеттер полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан және Қарулы Күштердің әскери қызметшілерімен бірлесіп іске асырылды", - делінген хабарламада.
Олар ақша тиелген көліктердің қарулы күзетін және режимдік аймақтарға өтуін, сондай-ақ блок бекеттер арқылы жүріп-тұруын қамтамасыз еткен. Бұл үшін төтенше жағдай кезінде мыңнан астам автоэкипаж бен 4,5 мың қарулы полиция жасағы бөлінген.
“Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы “Halyk Инкассация” ЖШС басшылығы дағдарыс жағдайында әлеуметтік тапсырманы орындау кезінде батылдық пен ерлік көрсеткен әрбір инкассаторды, әрбір полицей мен әскери қызметшілерді мақтан тұтып, ішкі істер министрлігіне көмегі үшін алғыс білдірді", - делінген хабарламада.