https://sputnik.kz/20220121/prezident-biznesmender-qarjy-19194030.html
Президент: Қазақстанда табыс табамыз, басқа жерде жұмсаймыз дегенге жол берілмейді
Президент: Қазақстанда табыс табамыз, басқа жерде жұмсаймыз дегенге жол берілмейді
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы жұмыс екі бағытта жүргізілетінін айтты: капиталды елге қайтарғаны үшін ынталандыру және қаражаттың офшорларға кетуіне тосқауыл қою 21.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-21T15:48+0500
2022-01-21T15:48+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
президент
қазақстан
табыс
https://sputnik.kz/img/1222/59/12225978_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_8e7c10194921687b5cd028eb3e0e7947.jpg
АЛМАТЫ, 21 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында елдің Жаңа экономикалық бағытының негізін қалайтын басты қағидаттарға тоқталды.Президенттің пікірінше, бірінші – жеке меншікке қол сұқпау. Бұл мәселеде ашық әрі әділ сот кепіл болуға тиіс."Сот жүйесін жаңғырту – маңызды мәселе. Біз тиісті шараларды, соның ішінде заңнамалық тұрғыдағы шараларды қабылдадық. Соттарға құқықтың әртүрлі салаларынан, оның ішінде корпоративтік сектордан жаңа мамандар тартылып жатыр. Осының негізінде Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі жаңа сот алқасы құрылды. Сот ісіне мықты корпоративтік заңгерлер мен адвокаттардың тартылуы, әсіресе өңірлерде инвесторлар мен бизнесмендердің мүдделерін сапалы қорғауын мейлінше қамтамасыз етеді. Жоғарғы сот кеңесін және Жоғарғы соттан судьялар корпусын жаңарту жұмысын белсенді жүргізуді сұраймын", - деді мемлекет басшысы.Жаңа экономикалық бағыттың екінші бөлігі – инвестициялық климат. Президент мемлекет барлық инвестициялық міндеттемелерді мінсіз орындайтынын тағы да мәлімдеді.Сонымен қатар мемлекет басшысы бизнесмендерді қаржысын өз елімізге салуға шақырды.Мемлекет басшысы жұмыс екі бағытта жүргізілетінін айтты: капиталды елге қайтарғаны үшін ынталандыру және қаражаттың офшорларға кетуіне тосқауыл қою.Айта кетері, бұған дейін президент салықтан жалтаратын ірі бизнес өкілдеріне ескерту жасады."Ірі компаниялардың салық төлеуі – өздеріңіз түсініп отырғандай, мұңды ән сияқты. Біздің қолымызда арнайы органдардың мәліметі бар. Одан мол пайда табатын гиганттар әртүрлі сылтаумен салықты толық төлеуден жалтаратыны көрініп тұр. Мен премьер-министрге бұл мәселені біржолата шешуді және қазынаны өзіне тиесілі қаражатпен толтыруды тапсырамын", - деді Тоқаев.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1222/59/12225978_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_961d6688c143369913fb0b4a3053f9f6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қазақстан, табыс
президент, қазақстан, табыс
Президент: Қазақстанда табыс табамыз, басқа жерде жұмсаймыз дегенге жол берілмейді
15:48 21.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Мемлекет басшысы жұмыс екі бағытта жүргізілетінін айтты: капиталды елге қайтарғаны үшін ынталандыру және қаражаттың офшорларға кетуіне тосқауыл қою
АЛМАТЫ, 21 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында елдің Жаңа экономикалық бағытының негізін қалайтын басты қағидаттарға тоқталды.
Президенттің пікірінше, бірінші – жеке меншікке қол сұқпау. Бұл мәселеде ашық әрі әділ сот кепіл болуға тиіс.
"Сот жүйесін жаңғырту – маңызды мәселе. Біз тиісті шараларды, соның ішінде заңнамалық тұрғыдағы шараларды қабылдадық. Соттарға құқықтың әртүрлі салаларынан, оның ішінде корпоративтік сектордан жаңа мамандар тартылып жатыр. Осының негізінде Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі жаңа сот алқасы құрылды. Сот ісіне мықты корпоративтік заңгерлер мен адвокаттардың тартылуы, әсіресе өңірлерде инвесторлар мен бизнесмендердің мүдделерін сапалы қорғауын мейлінше қамтамасыз етеді. Жоғарғы сот кеңесін және Жоғарғы соттан судьялар корпусын жаңарту жұмысын белсенді жүргізуді сұраймын", - деді мемлекет басшысы.
Жаңа экономикалық бағыттың екінші бөлігі – инвестициялық климат. Президент мемлекет барлық инвестициялық міндеттемелерді мінсіз орындайтынын тағы да мәлімдеді.
Сонымен қатар мемлекет басшысы бизнесмендерді қаржысын өз елімізге салуға шақырды.
"Егер сіздер болашақты Қазақстанмен байланыстыратын болсаңыздар, онда қаражаттарыңызды өз елімізге салыңыздар. Бұл – сіздердің Қазақстан алдындағы әлеуметтік және саяси жауапкершіліктеріңіз. "Мұнда табыс табамыз, ал басқа жерде жұмсаймыз" деген қағидатқа жол берілмейді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы жұмыс екі бағытта жүргізілетінін айтты: капиталды елге қайтарғаны үшін ынталандыру және қаражаттың офшорларға кетуіне тосқауыл қою.
Айта кетері, бұған дейін президент салықтан жалтаратын ірі бизнес өкілдеріне ескерту жасады.
"Ірі компаниялардың салық төлеуі – өздеріңіз түсініп отырғандай, мұңды ән сияқты. Біздің қолымызда арнайы органдардың мәліметі бар. Одан мол пайда табатын гиганттар әртүрлі сылтаумен салықты толық төлеуден жалтаратыны көрініп тұр. Мен премьер-министрге бұл мәселені біржолата шешуді және қазынаны өзіне тиесілі қаражатпен толтыруды тапсырамын", - деді Тоқаев.