Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қазақстандық кәсіпкерлерден шығынды өтеуге өтініш қабылдау басталды

© Sputnik/Александр МирогловРазгромленные мародерами кафе на алматинской улице. 6 января
Разгромленные мародерами кафе на алматинской улице. 6 января - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2022
Жазылу
Өтініштерді өңірлік комиссиялар күнтізбелік бес күн ішінде қарайды
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеуге InfoKazakhstan.kz платформасында электронды өтініш қабылдау басталғанын хабарлады. 
Шығынды өтеу шарасы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер үшін қарастырылған.
Залалды өтеу туралы өтініш электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен infokazakhstan.kz сайты арқылы беріледі. Өтініштерді өңірлік комиссиялар күнтізбелік 5 күн ішінде қарайды. Өтініш мақұлданған жағдайда ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім қабылданады.
Ақша Қазақстанның бюджеттік рәсімдеріне сәйкес, мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына тиісті шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде аударылады деп болжанып отыр.
"Атамекен" палатасы кәсіпкерлерден өтініш берер алдында мына сілтеме бойынша нұсқаулықпен танысуды, қажетті құжаттардың толықтығына көз жеткізуді сұрайды. Құжаттар толық ұсынылмаса, өңірлік комиссия мүліктік шығынды өтеуден бас тарту туралы шешім шығаруы мүмкін.
Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін "Атамекен" ҰКП шығынды өтеу бойынша іс-қимыл алгоритмін әзірледі. Онда залалды өтеуге өтініш беру қадамдары сипатталған.
© Photo : НПП "Атамекен"Шығынды өтеу үшін қажетті құжаттар тізімі
Перечень документов для возмещения ущерба предпринимателям, пострадавшим от погромов - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Шығынды өтеу үшін қажетті құжаттар тізімі
Жаңалықтар
0