https://sputnik.kz/20220121/almaty-oblysy-mektep-oqushysy-19195579.html
Алматы облысында мектеп оқушысын таспен ұрып өлтірді
Алматы облысында мектеп оқушысын таспен ұрып өлтірді
Sputnik Қазақстан
Сотқа дейінгі тексеріс шаралары жалғасып жатқаны хабарланды. Бұл істі облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды 21.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-21T19:46+0500
2022-01-21T19:46+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_63387d25cc6438beadf8472da9c5d733.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында 16 жастағы жігітті таспен ұрып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, 7 қаңтарда Қарасай аудандық полиция бөліміне Жібек жолы ауылында жасөспірімнің мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Денесінде жарақат іздері болған. Сараптамаға сәйкес, марқұмды жолдың жиегінде жатқан таспен өлтірген.Полицейлер 16 жастағы мектеп оқушысының Балқаш ауданындағы Бақбақты ауылында тұрғанын анықтады. Жылдың басында Алматыдағы достарына барып, хабар-ошарсыз кеткен. Тергеушілер жасөспіріммен араласқан адамдардың бәрін тексеріп шыққан. Сол кезде қандықол қылмыскердің ізіне түскен.Күдікті ер адам да Балқаш ауданында туған. Соңғы кезде Алматыға жақын жерде жеке меншік ұйымның күзетшісі болып істеген. Екеуі кездесіп, ішімдік ішкен. Одан кейін жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Сол кезде ол тасты алып, жасөспірімнің басынан ұрған. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын біліп, оқиға орнынан қашып кеткен.Қазіргі кезде ол уақытша тергеу абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тексеріс шаралары жалғасып жатқаны хабарланды. Бұл істі облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_c977060f657357e3c337c7b8ec60e015.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Алматы облысында мектеп оқушысын таспен ұрып өлтірді
19:46 21.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Сотқа дейінгі тексеріс шаралары жалғасып жатқаны хабарланды. Бұл істі облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында 16 жастағы жігітті таспен ұрып өлтірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 7 қаңтарда Қарасай аудандық полиция бөліміне Жібек жолы ауылында жасөспірімнің мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Денесінде жарақат іздері болған. Сараптамаға сәйкес, марқұмды жолдың жиегінде жатқан таспен өлтірген.
Полицейлер 16 жастағы мектеп оқушысының Балқаш ауданындағы Бақбақты ауылында тұрғанын анықтады. Жылдың басында Алматыдағы достарына барып, хабар-ошарсыз кеткен. Тергеушілер жасөспіріммен араласқан адамдардың бәрін тексеріп шыққан. Сол кезде қандықол қылмыскердің ізіне түскен.
"Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы ер адам ұсталды. Ол - марқұмның танысы. Тергеу кезінде өз кінәсін мойындады", - дейді полицейлер.
Күдікті ер адам да Балқаш ауданында туған. Соңғы кезде Алматыға жақын жерде жеке меншік ұйымның күзетшісі болып істеген. Екеуі кездесіп, ішімдік ішкен. Одан кейін жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Сол кезде ол тасты алып, жасөспірімнің басынан ұрған. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын біліп, оқиға орнынан қашып кеткен.
Қазіргі кезде ол уақытша тергеу абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тексеріс шаралары жалғасып жатқаны хабарланды. Бұл істі облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды.