https://sputnik.kz/20220121/Zhurnalist-sheneunk-5-mln-19193481.html
Журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік 5 млн теңге төлеген
Журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік 5 млн теңге төлеген
Sputnik Қазақстан
Полицияның хабарлауынша, кісі өлтіруге шенеунік тапсырыс берген. Іс бойынша 5 күдікті ұсталды, тергеу жалғасып жатыр 21.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-21T14:58+0500
2022-01-21T14:58+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
шенеунік
https://sputnik.kz/img/84/49/844970_0:45:3075:1775_1920x0_80_0_0_4b8d257b2e65e4a45e66aae0b1152c1b.jpg
АЛМАТЫ, 21 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының полициясы журналиске жасалған қастандық туралы істің мән-жайын жариялады.Бұған дейін әлеуметтік желіде 2022 жылдың 3 қаңтарында Түркістан облысы Сарыағаш ауданында танымал журналистің үйіне шабуыл жасалғаны, оқиға кезінде оның ұлы жараланғаны хабарланды.Сол күні полиция бұл фактіні тіркеп, қылмыстық кодекстің 24-99 баптары "адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласының екі тұрғыны ұсталды."Олар оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Содан кейін полиция қызметкерлері делдалдар мен қылмысты тапсырыс берушілерге шықты. Бүгінгі таңда біз осы қылмысқа қатысы бар 5 күдіктіні ұстадық. Заттай айғақ ретінде олардан ВАЗ маркалы 2 автокөлік тәркіленді. Қылмысты орындаушылар бұл автокөліктерді қылмысты жасағаны үшін алған ақшаға сатып алған. Сондай-ақ олардан 16 калибрлі патрондар тәркіленді", - деді департамент бастығы.Оның сөзінше, Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірі қылмысқа тапсырыс берген. Оның аты-жөні аталмады."Ол журналистің өмірін 5 000 000 теңгеге бағалаған. Қылмысты орындаушылар ізін жасыру мақсатында тапсырысты орындап, Сарыағаш ауданынан Шардараға, содан соң Арыс арқылы Шымкентке жеткен", - деп нақтылады Дәлбеков.Қазір тергеу тобы тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстың себебі мен барлық мән-жайы анықталады.Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/84/49/844970_257:0:2988:2048_1920x0_80_0_0_b5112bcc34f1d7622bda7cfff3cc66b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шенеунік
Журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік 5 млн теңге төлеген
14:58 21.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Полицияның хабарлауынша, кісі өлтіруге шенеунік тапсырыс берген. Іс бойынша 5 күдікті ұсталды, тергеу жалғасып жатыр
АЛМАТЫ, 21 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының полициясы журналиске жасалған қастандық туралы істің мән-жайын жариялады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде 2022 жылдың 3 қаңтарында Түркістан облысы Сарыағаш ауданында танымал журналистің үйіне шабуыл жасалғаны, оқиға кезінде оның ұлы жараланғаны хабарланды.
Сол күні полиция бұл фактіні тіркеп, қылмыстық кодекстің 24-99 баптары "адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Қылмысты ашуда бірқатар нұсқаны негізге алдық. Журналистің кәсіби қызметіне байланысты осы қылмыстың жасалуы мүмкін екені де ескерілді. Кейіннен осы нұсқа расталды", - деді Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков.
Іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласының екі тұрғыны ұсталды.
"Олар оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Содан кейін полиция қызметкерлері делдалдар мен қылмысты тапсырыс берушілерге шықты. Бүгінгі таңда біз осы қылмысқа қатысы бар 5 күдіктіні ұстадық. Заттай айғақ ретінде олардан ВАЗ маркалы 2 автокөлік тәркіленді. Қылмысты орындаушылар бұл автокөліктерді қылмысты жасағаны үшін алған ақшаға сатып алған. Сондай-ақ олардан 16 калибрлі патрондар тәркіленді", - деді департамент бастығы.
Оның сөзінше, Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірі қылмысқа тапсырыс берген. Оның аты-жөні аталмады.
"Ол журналистің өмірін 5 000 000 теңгеге бағалаған. Қылмысты орындаушылар ізін жасыру мақсатында тапсырысты орындап, Сарыағаш ауданынан Шардараға, содан соң Арыс арқылы Шымкентке жеткен", - деп нақтылады Дәлбеков.
Қазір тергеу тобы тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстың себебі мен барлық мән-жайы анықталады.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.