Экономика

Сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке қалай айналғанын байқамай қалдық – Тоқаев

© REUTERS / ANGUS MORDANTДобыча нефти, иллюстративное фото
Добыча нефти, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қазақстанға шикізатты сатудан түскен ақша экономиканы әртараптандыруға жұмсалған жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстан әртараптандырылған экономиканы сол күйі құра алмады, деп мойындады президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесу барысында. Бұл туралы "Қазақпарат" ХАА хабарлайды.
Президент ел тарихындағы екі маңызды бетбұрысты атады: біріншісі – "ауыр күйзелістер мен шығындар арқылы" еңсеруге тура келген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу.
Бұл өзгерістер кеңестік дәуірден мұраға қалған мемлекеттік мүлікті жекешелендіру есебінен қаржыландырылды. Соның негізінде отандық кәсіпкерліктің жаңа санаты пайда болды.
Екінші бетбұрыс шикізаттық суперциклмен байланысты болды. Экономика жаһандық процестерге кірігіп, шетелдік инвесторларға жағдай жасалды. Соның арқасында елге қыруар қаржы тартылды.
"Бұл қаражат қазақстандық экономикаға азық болды және оған тұрақтылық берді. Әлеуметке бағдарланған мемлекет құру мүмкіндігін ұсынды. Бірақ біз сыртқы әл-ауқатқа алданып, сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке қалай айналғанын байқамай қалдық. Трансформацияға бейімділігіміз төмендеді, сапалы жаңашылдықтар өзгерістерге қарсы түрлі топтардың мүддесімен бетпе-бет келді. Салдарынан біз әртараптандырылған экономиканы сол күйі құра алмадық", - деді Тоқаев.
Жаңалықтар
0