Экономика

Тоқаев салықтан жалтаратын компанияларға: кім жасырынып үлгермесе, мен кінәлі емеспін

© Пресс-секретарь Президента Берик Уали/facebookҚасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2022
Жазылу
Қазақстан президенті премьер-министрге салықтан жалтаратын ірі компаниялардан ақшаны өндіріп, қазынаға құюды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салықтан жалтаратын ірі бизнес өкілдеріне ескерту жасады.
"Ірі компаниялардың салық төлеуі – өздеріңіз түсініп отырғандай, мұңды ән сияқты. Біздің қолымызда арнайы органдардың мәліметі бар. Одан мол пайда табатын гиганттар әртүрлі сылтаумен салықты толық төлеуден жалтаратыны көрініп тұр. Мен премьер-министрге бұл мәселені біржолата шешуді және қазынаны өзіне тиесілі қаражатпен толтыруды тапсырамын. Әйтпесе, қатаң шара күтеді, сол кезде балалар ертегісіндегі әзіл сияқты "Кім жасырынып үлгермесе, мен кінәлі емеспін", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл ескертуді ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында айтты.
Президент бизнестен адал бәсекелестікті талап ететінін мәлімдеді.
"Бірінші кезекте, жасанды құрылған монополияларға талдау жүргізу керек. Операторлар, әсіресе, жекеменшік, ұмытылуға тиіс. Естеріңізде болса, бұрын "откупщики" деген термин болатын. Жекеменшік компания тиісті ақыға мемлекеттің бірқатар экономикалық функциясын орындауды өзіне сатып алады. Мұның соңы жақсылыққа апарған емес. Үкіметке заңнамалық түрде мұндай қызметке тыйым салуды тапсырамын", - деді Тоқаев.
Оқи отырыңыз: Президент шенеуніктерге мемлекеттің мүддесін бәрінен жоғары қоятынын ескертті
Ол барлық сала бәсекелестік үшін ашық болуы керек екенін мәлімдеді.
"Нарықта жасанды құрылған көптеген делдалдық тізбекті жою қажет.  Бұл түйіні тарқамай келе жатқан проблема. Экономиканы деолигополизациялау бойынша қатаң саясат қажет. Олигополиядан туындайтын қауіп-қатер мен тәуекелдер жайлы мен бұған дейін айттым, қайталап жатпаймын",- деді президент.
Ол бүкіл тапсырысты бір ғана компанияға үйіп-төкпей, кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыру керек екенін атап өтті.
Жаңалықтар
0