https://sputnik.kz/20220121/Tokaev-kater-turaly-19191949.html
"Алғашқы белгілері көріне бастады": Тоқаев елге төніп тұрған қатер туралы айтты
"Алғашқы белгілері көріне бастады": Тоқаев елге төніп тұрған қатер туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Президент қоғамның экономикалық-әлеуметтік, артынан саяси жағынан қақ бөлінуіне әкеліп соқтыруы мүмкін қауіп-қатер туралы айтты 21.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-21T11:54+0500
2022-01-21T11:54+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1e/19026473_0:0:2998:1686_1920x0_80_0_0_4538f776d68ab74d380625525e0b48a5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Елімізде белгілі бір элиталық топтар ғана экономикалық өсімнің пайдасын көріп отыр. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Мемлекет басшысының айтуынша, тәуелсіздік алғалы бері бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалды. Мемлекет кәсіпкерлік ортаны дамытуға күш салды. Салықтық жеңілдіктер мен қаржылай көмек те көрсетілді. Осылайша, экономикалық модель бойынша бизнес дамыса, жұмыс орындары ашылады, адамдардың табысы артады деген сенім болған."Бірақ біз күткен нәтиже толыққанды шыққан жоқ. Қазір қолымызда не бар? 2020 жылы ұлттық табыстың басым бөлігі - 61,5% бизнеске тиесілі. Салықтың көлемі бар болғаны 7,3%, ал қазақстандықтардың жалақысына 31% жұмсалады. Бұл – өте төмен көрсеткіш", - деп атап көрсетті Тоқаев.Оқи отырыңыз: Тоқаев бір күндік жалақыны "Қазақстан халқына" қорына аудару бастамасын сынға алды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1e/19026473_343:0:2591:1686_1920x0_80_0_0_c8559dfa171bfd16f9ec4d4cd9ad871f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
"Алғашқы белгілері көріне бастады": Тоқаев елге төніп тұрған қатер туралы айтты
11:54 21.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Президент қоғамның экономикалық-әлеуметтік, артынан саяси жағынан қақ бөлінуіне әкеліп соқтыруы мүмкін қауіп-қатер туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Елімізде белгілі бір элиталық топтар ғана экономикалық өсімнің пайдасын көріп отыр. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Біздің елімізде белгілі бір элиталық топтар ғана экономикалық өсімнің пайдасын көріп отыр. Ал халықтың басым бөлігінің табысы төмендеп келеді немесе еш өзгеріссіз қалды. Бұл мемлекетіміздің қауіпсіздігіне төнген үлкен қатер. Бұның бәрі қоғамның экономикалық-әлеуметтік, артынан саяси жағынан қақ бөлінуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Осындай дағдарыстың алғашқы белгілері көріне бастады", - деді Тоқаев кәсіпкерлермен өткен кездесуде.
Мемлекет басшысының айтуынша, тәуелсіздік алғалы бері бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалды. Мемлекет кәсіпкерлік ортаны дамытуға күш салды. Салықтық жеңілдіктер мен қаржылай көмек те көрсетілді. Осылайша, экономикалық модель бойынша бизнес дамыса, жұмыс орындары ашылады, адамдардың табысы артады деген сенім болған.
"Бірақ біз күткен нәтиже толыққанды шыққан жоқ. Қазір қолымызда не бар? 2020 жылы ұлттық табыстың басым бөлігі - 61,5% бизнеске тиесілі. Салықтың көлемі бар болғаны 7,3%, ал қазақстандықтардың жалақысына 31% жұмсалады. Бұл – өте төмен көрсеткіш", - деп атап көрсетті Тоқаев.