Экономика

Президент шенеуніктерге мемлекеттің мүддесін бәрінен жоғары қоятынын ескертті

© Photo : пресс-служба АО "ФНБ "Самрук-Казына"Фонд "Самрук-Казына"
Фонд Самрук-Казына - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2022
Жазылу
Маған біреумен жақсы қарым-қатынаста болғаннан гөрі мемлекеттің мүддесі маңызды, деп атап өтті Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорындағы олқылықтар бір айдың ішінде шешілмесе, қатаң шара қолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қорда бәсекелестік қағидаттарына сай келмейтін сатып алулардың үлесі әлі жоғары болып тұр. Сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің бағасына басымдық беріліп, сапасын екінші орынға ысырып қояды. Соның салдарынан қазақстандық кәсіпкерлер өз өндірісін бастай алмай отырады", - деп атап өтті Тоқаев.
Президент бір күндік компаниялардың бар екенін де біледі. Олар импорттық өнімдерді "отандық тауар мен қызмет" ретінде сатып отырады.
"Бір күндік компанияларға қатаң тосқауыл қою жұмысы қолға алынбаған. Осы проблемаларды шұғыл шешу керек", - деді мемлекет басшысы.
Әсіресе "Самұрық-Қазына" қорындағы сатып алуларды жіті бақылауда ұстау керек. Себебі өзара келісу мен бағаны көтеру әрекеттері бар. Жұмыс ашық жүргізілмейді.
"Жетер енді, бір ай беремін. Бұл соңғы рет. Шешілмесе, қатаң шаралар қолданамын", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент "Платон менің досым, бірақ ақиқат одан қымбат" деген формуланың өзіне жақын екенін жеткізді.
"Барлығы соған көз жеткізді деп ойлаймын. Кез келген мәселеде солай болады. Маған біреумен жақсы қарым-қатынаста болғаннан гөрі мемлекеттің мүддесі маңызды. Мемлекетке керек болса, мен дайынмын. Мен өте ауыр шешімдерді қабылдадым. Алдағы уақытта да сондай шешімдер болады", - дейді Тоқаев.
Жаңалықтар
0