Оқиға

Телеарна Алматыдағы Назарбаев көшесінің атауын кездейсоқ "өзгертіп алды" – видео

© Sputnik / Серикжан КовланбаевУлица Фурманова в Алматы
Улица Фурманова в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2022
Жазылу
Алматыдағы Фурманов көшесі 2017 жылдың қараша айының соңында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл болып өзгертілді
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар — Sputnik. "Хабар 24" мемлекеттік телеарнасында Алматыдағы Назарбаев даңғылы ескі атауымен – Фурманов көшесі деп айтылды.
19 қаңтардағы сюжетте көшелерде қозғалыстың шектелуі туралы хабар берілді.
20 желтоқсанда телеарна эфирде техникалық қате болғанын түсіндірді.
"Бұл техникалық қате болды, оның себептерін біз қазір анықтап жатырмыз. Конвейерлік ақпараттық өндіріс болғандықтан, осындай қателік кеткен", - деп түсіндірді "Хабар 24" редакциясында.
Сондай-ақ, телеарна редакциясы компанияның көшелерді қайта атауға өкілеттігі жоқ екенін түсіндірді.
"Редакция бұл жағдайдың қалай болғанын анықтайды", - деді "Хабар 24" телеарнасы.
Еске сала кетері, Алматыдағы Фурманов көшесі 2017 жылдың қараша айының соңында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл болып өзгертілді.
Тиісті шешімді Алматы қалалық ономастика комиссиясы мен үкімет жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының келісімі бойынша Алматы мәслихаты қабылдады.
Жаңалықтар
0