Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Тәртіпсіздіктен зардап шеккендер кредит төлеу мерзімін шегере алады

© Sputnik / Vasily Krestyaninov / Медиабанкке өтуРабочий во время восстановительных работ пострадавшего от пожара здания Акимата в Алма-Ате
Рабочий во время восстановительных работ пострадавшего от пожара здания Акимата в Алма-Ате - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2022
Жазылу
Бұған дейін агенттік жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған қарапайым азаматтардың кредиті кешірілетінін хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен заңды және жеке тұлғаларға кредит төлеу мерзімін кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары Ернар Оразбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, қаңтар айында агенттік банктермен және микроқаржы ұйымдарымен шұғыл жұмыс жүргізіп, кредит пен микрокредит төлемдерін кейінге қалдырудың бірыңғай тәртібін қабылдады.
"Біріншіден, зардап шеккен заңды және жеке тұлғаларға төтенше жағдай енгізілген күннен бастап үш айға төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді. Екіншіден, кредиттер мен микрокредиттер бойынша жеңілдік кезеңінде барлық банк пен микроқаржы ұйымы айыппұл мен өсімпұл есептемейді", - деді Оразбаев брифингте.
Сонымен қатар, ол төлем мерзімін шегеру азаматтың кредит тарихына теріс әсер етпейтінін атап өтті.
Несие төлемін кейінге шегергісі келетіндер өтінішті барлық байланыс құралы арқылы немесе банк бөлімшесіне барып тапсыра алады. Өтініш еркін формада жазылады.
"Әрине, зардап шеккен кейбір кәсіпкерлердің мүлкіне үлкен зиян келсе, оларға үш ай аз болуы мүмкін. Сол үшін егер үш айдан көп уақыт қажет болса, онда несие берген қаржы ұйымымен келісе отырып, ұзағырақ уақыт қарастырылуы мүмкін", - деді директор орынбасары.
Бұған дейін агенттік жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған қарапайым азаматтардың кредиті кешірілетінін хабарлады.
Жаңалықтар
0